Арабграфикалық ортағасырлық түрк жазуы
Жалпы мәлімет
Көне түрктер Қарахан әулеті билігі кезеңінен бастап (960 ж.) ислам дінін қабылдай бастады, сондықтан қарахан түрктері Құран және діни кітаптарды арабша оқу, араб әліпбиінде жазу істерін бастады. Бұл мұсылман ренессансы кезеңімен (VIII-XIIIғғ.) тұспа-тұс келеді. Осылайша бұдан кейінгі ғасырларда түрктердің араб жазуын қолдану өрісі кеңейді, көптеген туындылары жазылды.
Араб тілі, ислам мәдениеті кең етек жая бастады, түрктер мемлекеттік ресми іс-қағаздарын араб графикасына негізделген ортағасырлық жаңа түрк жазуымен қолдана бастады. Түрк ислам оқымыстылары бұл жазуды ортағасырлық түрк тілінің табиғатына әбден икемдеп жазатын болған. Бұл жазуды Түрк әлемінде жаппай тегіс ұзақ уақыттар бойында қолданылды.
Осы жазумен жазылған мәтіндерді «орта түрк жазуы», «шағатай жазуы», «қыпшақ жазуы», «қадым жазуы» секілді атайтын болды.
Пікір қалдыру