Түркі ортақ латын әліпбиі

Жалпы мәлімет

      Түркі  ортақ латын әліпбиін  1991  жылдан бастап  Түркі дүниесі үшін 34 әріптен тұратын латын негізіндегі әліпби жүйесін жаңадан белгіледі.  Бұл әліпбиі барлық түркі тілдес республикалары мен ұлыстарында кеңінен қолдану лайықты деп танылған.  Аталмыш әліпбидің нұсқасын   1991 жылы  қазанның 18-20 күндері  Стамбұлдағы Мармара Университеті жанындағы Түркітану институты ұйымдастырған «Қазіргі түрк әліпбиі» атты симпозиумда тілші-ғалымдар тарапынан қабылданды.  Осы жиында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстан сынды елдерден тілші ғалымдар қатысқан еді.

Түркі  ортақ латын әліпбиін  жүйесінде  29 таңбадан тұратын Түркияның әліпбиіне өзге түркі халықтарындағы дыбыстар үшін қосымша бес қаріп енгізумен жасалды.

A B C Ç D E F G Ğ H I I J K L M N O Ö P R S Ş T U Ü V Y Z

 Ä, X, Q,  Ñ,  W

Түркі Кеңесі (Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі) 2012 жылдың 1-ші желтоқсанында Ыстамбұлдағы  өзінің  іс-қағаздары мен құжат-хаттамаларында Түркі елдерінен келген тілші-ғалымдар тарапынан қабылданған 34 таңбалық Түркі дүниесінің ортақ әліпби жүйесін қолдану туралы шешім қабылдаған еді.  Түркі Кеңесі Бас Хатшысы Елші Халил Ақынжы бұл шешімді тек өздерінің мекемелері үшін қабылдағандықтарын, мүше елдердің немесе басқа мекемелердің бұл әріптерді қолданып қолданбауы өз еріктерінде екендігіне баса көрсеткен болатын.  Түрк ортақ лдатын әліпбиіне байланысты   1992 жылы, 29 қыркүйек,  2 қазан Бішкекте өткен Түрік Республикалары мен Түрік мемелекеттік құрылымдары Білім Министрлігі өкілдерінің 2-ші Халықаралық конференциясы,   1993 жылы, 8-10 наурыз, бес тәуелсіз Түрік Республикасы қатысқан және Түрік іскер топтары мен Даму агенттігі  (ТИКА) ұйымдастырған Анкарадағы «Әліпби мен емле мәселесі»  атты Халықаралық конференция,  1993 жылы, 21-23 наурыз Анталияда өткен «Түрік мемлекеттерінің достық, бауырластық және ынтымақтастығы құрылтайы» атты ірі жиында тағыда талқыланып, аталмыш 34 әріпті  әліпбиге өту қажеттілігі жайында шешім қабылданған еді.  Осы жиындардың барлығы 1926 жылы ұйымдастырылған ортак әліпби турасындағы Баку Конференциясынан кейін өткізілген алғашқы жиындар ретінде тарихқа енді.      

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  2017 жылы 26 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы бұйрыққа қол қойды.

Bahodir16 Қараша, 2018

Про две буквы из башкирского забыли: ҙ, ҫ (не буква ч). Их как обозначать общетюркским алфавитом, через ž и š?

language Turkic08 Мамыр, 2020

Bir birimizin yazdıklarını okuyabilmek için Tüm ülkelerin ortak alfabeyi kullanması çok iyi olacaktır.

Пікір қалдыру