Солтүстік Кавказ, Шығыс Еуропа ескерткіштері
Жалпы мәлімет
Көне түрк бiтiк жазуының Шығыс Еуропадағы «руникалық» үлгiлерiне 1799 жылдары «Нойд-Сент-Миклош»-тан табылған «Едiл патшаның қазынасы» деп аталатын ортағасырлық алтын ыдыс аяқтардағы жазулар мен 1960 жылдан Солтүстiк Кавказ , Едiл-Дон өзенi бойындағы жартастардан табылған жазулар жатады. Негізінен эпитафиялық әрі белгілеу мазмұнды 100-ден астам метал, қыш, тас сынды заттарға жазылған ескерткіш анықталған.
Ғылыми зерттеулер
Й. Хампел, А.М.Щербак, В.А.Кузнецов, М.А.Хабичев, И.Л. Кызласов, С.Я.Байчоров және басқа ғалымдар зерттеу жүргізген. С.Я.Байчоровтың пiкiрiнше бұл жазулар ежелгi бұлғарларға қатысты сол диалектi-сөйленістерінде жазылған және олардың ұрпақтары қарачай-балқарлар мен авар тектi секелдер ( мажар-венгер) осы көне түрiк жазуының үлгiсiн XIII-XV ғасырларға дейiн қолданған. Қысқа жолды мәтiндердiң мазмұны эпитафиялық сарынды.
Ғылыми әдебиет
Байчоров С.Я. Древнетюркские рунические памятники Европы. -Ставрополь.,1989.
Кызласов И.Л.Рунические письменности Евразийских степей. -М., 1994.
Пікір қалдыру