«Муин ул-мүрид» («Мүрид кітабы»)
Жалпы мәлімет
ХIV ғасырда Харезмде жазылған діни-сопылық сарындағы поэзиялық еңбек. Авторының кім екендігі туралы әртүрлі пікірлер айтылады. Әбілғазы Бахадыр ханның «Шежіре-и Теракимесінде» Шейх Шереф тарапынан жазылғандығы атап өтілген. Алайда зерттеушілер автордың 402-шумақта бу кач сөз айытған аты Ислам ол / тилеки ахыр вакт иман ислам ол деп өз атын Ислам деп жазғандығын дәйектейді. Ескерткіште намаз, ораза, зекет тәрізді діни және әдеп, сұхбат, шариғат, нәпсі тәрізді сопылық тақырыптар қарапайым тілмен түсіндірілген. Діни тақырыпта болғандықтан араб және парсы тілінен енген сөздер саны аз емес. «Муин ул-мүрид» оғыз-қыпшақ аралас тілде жазылған.
Түркияның Бурса қаласындағы Қолжазбалар кітапханасында сақтаулы бір ғана көшірмесі бар. Ескерткіш парақтарының шеттеріне бірнеше рисала жазылған.
Түркменстанда 1995 жылы Н.Халимов, Ч. Гекленов және М. Сойеговтың редакциялығымен баспадан шығады.Ғылыми зерттеулер
«Муин ул-мүридті» алғаш рет зерттеген - Зеки Велиди Тоган. Тоган ескерткіштің ХV ғасырда көшірілуі мүмкін екендігін айтады. Түркиялық ғалымдардан Ф.Көпрүлү, Н.Юдже, А.Ф. Караманлыоглу, батыстық ориенталисттерден Я.Екман, А.Бодроглигети еңбектің тілі, авторы және жазылған дәуірі туралы құнды деректер береді. «Муин ул-мүридтің» факсимилесі, транскрипциясы мен аудармасын жасап, сонымен қатар тілдік ерекшеліктерін толығымен зерттеген – Р. Топарлы мен М. Аргуншах.Ғылыми әдебиет
Togan Z.V. Harezm’de Yazılmış Eski Türkçe Eserler // Türkiyat Mecmuası, II. – İstanbul, 1926. – s.315-345
Bodrogligeti A.J.E. The Authorship and Sources of the Muinu’l-murid // Tractata Altaica. – Wiesbaden, 1976. – s.87-105
Toparlı R. Mu’înü’l-Mürîd. – Erzurum: AÜ Yay., 1988.
Şıh İslâm Şeref Hoca Horezmi, Mü’inü’l-Mürid. – Aşgabat, 1995.
Karamanlıoğlu A.F. Şeyh Şeref Hace, Mu’înü’l-Mürîd. – İstanbul, 2006.
Toparlı R., Argunşah M. Mu’înü’l-Mürîd. – Ankara, 2008.Пікір қалдыру