Мөңке қаған атынан жарлық етілген 1302, 1304 жылдары орта түрік тілінде көне сирий жазуымен жазылған жарлықты мөр
Жалпы мәлімет
Рим католик папалары VIII Бонифас (Bonifatius VIII, 1294-1303) және XI Бенедиктлерге (Benedictus XI, 1303-1304), ассирия шіркеуінің 1281–1317 жылдары несториан-патриархы III Мар Ябаллаха (Mar Yahnallaha III, 1245–1317 жж.) тарапынан 1302 және 1304 жылдары арабша жазған екі хаты Ватикан құпия архивінде сақтаулы. Олардың тіркеу нөмірі: Archivo Segreto Vaticano, Inv. no. A., Arm. I-XVIII 1800. 1, 2.
Осы екі хаттың бірінші хатында бір рет, екінші хатында үш рет төртбұрыш пішінді орта тұсында крест белгілі, қызыл түсті бірыңғай сирий жазулы мәтінді мөрдің басылымдары бар. Мөрдің өлшемі: 17,3х17,3 см. Аталмыш мөрдің крест белгісінің ішкі төрт бөлігінде бұйрықты мәтін орта түрік тілінде сирий жазуымен жазылған.
Аталмыш құжаттың аса қызықты тұсы да, мөрдегі жарлықты мәтіні орта түрік тілінде Моңғол империясының Мөңке (1208-1259 жж.) қағанның атынан жазылған болып хатталынғандығы.
Мөңке қаған інісі Құлағұды батысты жаулап алу жорықтарын басқартқан еді. Құлағұдың әскерлері 1258 жылы Иранға басып кіріп Бағдат қаласын бағындырады, онда Құлағұ 1256–1265 жылдары билік құрып ұлысты басқарған.
Ұлысты билеуші хандарын орта түрікше «Ел хан» деп атағандықтан «Елхандар мемлекеті», кейді «Құлағұдың ұлысы» деп аталады. Құлағұдың әскерлері Сирияға шабуылдаған кезде Мысырды билеуші сұлтан мамлүк Құтыз бен Бибарыстың (1260-) әскерінен жеңіліс тауып, қайтқан болатын. Сирия ол кездері крест жорықшыларының қоластында болатын.
Ғылыми зерттеулер
Осы мөрдегі мәтінді Ж.Р.Хамильтон [Hamilton, 1972:155-170], Жюн Накамура арнайы зерттеген [ Nakamura, 2008:55-92] болатын.
Ж.Р. Хамильтон, бұрын Мөңке қаған тарапынан діни өкілдерге, несториан папаларына беріліп келген алтынмен апталған кереге («пайзы») елшілік белгілерді, 1297 жылы Марага шіркеуіне жасалған мұсылмандар шабуылынан жоғалып кеткендіктен, Елхан әулетінің Ғазан хан 1298 жылдан бастап осындай мөрмен алмастырған деп есептейді. Ж. Накамура Мөңке қаған тақта отырған кезінде несториан діни өкілдеріне берілген мөрі деп қарастырады. У. Эрдэнэбат аталмыш сирий жазуды ескі ұйғыр жазуы деп қате топшылаған болатын [Эрдэнэбат, 2009: 29-30, Зураг 69].
Ғылыми әдебиет
Le Texte Turc en caracteres syriaques du grand sceua cruciforme de Mar Yahballaha III par James Hamilton. Journal Asiatique periodique trimestriel Publie par la Societe Asiatique Avec le Concours du Centre National de la recherche scientifique. Tome CCLX, Annee 1972.-Paris:-155-170.
Jun Nakamura Two Edicts of the Mongol Emperor Mongke // Studies on the Inner Asian languages XXIII. Papers in Honour of Professor Takao Moriyasu on His 60th Brithday. The Society of Central Eurasian Studies. 2008. -55-927
Базылхан Н., Тұяқбаев Ө. Далалық мемлекеттер дипломатиясының ресми құжаттары: жарлықтар, хаттар, елшілік белгілері (XIII-XVIIIғғ.). (мәтін транскрипциясы, ғылыми аударамалары, түсініктемелері, көрсеткіштері). - Алматы, 2014.-207 бет.
Мәтін
№ |
Мөрдегі сирий жазулы мәтіннің транскрипциясы |
1. |
Mengü Tengri küçinte! |
2. |
Möngke qağan yarlığımız ! |
3. |
Bizning üčün |
4. |
şahre tapınıp |
5. |
alqış qılıp uruğ |
6. |
uruğumız-qa buyan |
7. |
bersün dep saliba |
8. |
tamğa bertimiz |
9. |
mer qutuliqa-qa bu |
10. |
tamğanı hafiz-i-has erip |
11. |
mer hasya-lar rabban-lar |
12. |
erkeün-ler mar |
13. |
qatuliqa-tin sözsiz |
14. |
atiğsız kelmesün-ler |
15. |
Bu tamğalığ bitigsiz |
16. |
öz köngülçe keliglig |
17. |
Rabban-lar erkeün-ler |
18. |
yabiz mahqa sa- |
19. |
-qınıp qalırzarın |
20. |
tep yarlığqatımız |
Мәтіннің мағынасы: Мәңгілік Тәңірінің күші-дүр! Мөңке қаған (біздің) жарлығымыз! Біздер үшін ғибадатханаға табынып дұға-алғыс айтып, ұрпақтан ұрпақтарымызға құт береке берсін деп, қас белгілі («аша, крест») таңба бердік. Архиэпископ мырза бұл таңбаны жалғыз иеленіп мырзалар эпископтар, раббандар (дін қызметшілер), сенушілер («арқауындар христиандар «) ұстаздар, мырза архиепископтың сөз рұқсатынсыз, оның атауынсыз келмесін! Бұл таңбалы жазусыз (бітіксіз) өз көңілінше келген раббандар (дін қызметшілер), сенушілер («арқауын»дар) жаман ойлы кімде кім сақтанып қалсын деп жарлық қылдық!
Пікір қалдыру