Әмір Темірдің жазбасы (Қарсақпай //Алтын шоқы ескерткіші), 1391ж.

Жалпы мәлімет

Орта ғасырлық түрк тілімен ескі ұйғыр жазуымен  және арабша жазылған мәтіндер. Мәтінде әмір Темірдің (1370-1405жж.), Ұлық ұлыс («алтын орда»)   ханы Тоқтамыспен (1378-1395жж.) соғысу үшін үш  жүз мың әскермен Ұлытауға келгендігі баяндалады. Жанартау тастың өлшемі: 210х95 см. Ресей, Мемлекеттік эрмитажы экспозициясында сақтаулы. 

Академик Қ.Сәтбаев жетекшілік еткен экспедициясы Ұлытау өңірі  Қарасақпай кенıнıң маңындағы «Алтын-Шоқы» деген төбеден тапқан.  

Ғылыми зерттеулер

 Академик Қ.Сәтбаев жетекшілік еткен экспедициясы Ұлытау өңірі  Қарасақпай кенінің маңындағы «Алтын-Шоқы» деген төбеден 1935 ж. тапқан.  Мәтінді алғаш рет  Н.Н. Поппе 1940 ж. зерттеп жариялады.  Одан кейін А.Н. Пономарев,  Зеки Валиди Тоган, Хасан Ерен, А.П. Григорьев, Н.Н. Телицин, О.Б. Фролова , Н.Базылхан   қатарлы зерттеушілер мәтіндік зерттеу жүргізді 

Ғылыми әдебиет

Поппе Н.Н. Карасакпайская надпись Тимура // Труды отдела истории  культуры и искусствы Востока. том-2. Л.,1940. С. 185-187. 

Togan Z .V.  Temur beyin uygurca bir kitabı // Çınaraltı .Dilde, fikirde, işde birlik. 1943. T.3 No 117.

Poppe N.N.  Timur ın Karasakpay Kitabı // Dünya edebiyatınan seçmeler. 1977. No.4. s.30-31.

Григорьев А.П., Телицин Н.Н., Фролова О.Б. Надпись Тимура 1391 г. .// Тюркологический сборник /Ин-т восточных руокписей РАН.-М.: Вост. лит., 1970-. 2009-2010: Тюркские народы Евразии в древности и средневековье / ред.кол. С.Г.Кляшторный (пред.), Т.И. Султанов, Трепавлов В.В. -2011. -383с. (109-129).

Қазақстан тарихы жөніндегі артефактілердің, жазбаша, ауызша, эпиграфикалық дереккөздердің жиынтық каталогі. -Алматы; «Дайк Пресс» ЖШС-і, 2015.-536 б. 

Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті жөніндегі мыңжылдық дереккөздер -Алматы; «Дайк Пресс» ЖШС-і, 2015.-276 б.


Ұлық ұлыс (Алтын-Орда), Шағатай, Моғолстан Мемлекеті. Артефактілер мен тарихи деректердің таңдаулы жинағы.  "Ғылым баспасы", 2019.-510 бет.


Мәтін

Bismillaahi -r-rahman-ir-rahim

Maliku-l-mulik-l-kuddusu-l-hakku-l-muminu-l-muhayminu-l-zabbaru-l

kadiru-l-hakimu-l-mumitu-l-hayiu



1.      Tarıh /Qara ?/ yetı yüz toksan üçinte /Toqmaq orna-da ?/ qoy

2.      yıl yaznıŋ ara ay Turannıŋ sultanı

3.      Temür  bek iki (üč ?) yüz mıŋ čerik bile ismi üčün Toqtamıš qan bulğar

4.      qanığa yorıdı.  Bu yerge yetip belgü bolsun tep

5.      bu obanı qopardı  

6.      Teŋrı nisfat bergeı insi-alla

7.      Teŋrı el kisige rahmat qılğay bız-nı duwa bıle

8.      yad qılğay.

Пікір қалдыру