Құбылай ханның жарлықты өсиеті (1260-1294жж.)
Жалпы мәлімет
XIV ғасырлық «Mecmu’ail Gajaib» (Ғажайыптар жинағы ) деген парсы тiлiндегі 68 бет жинағының (мұқаба өлшемі – 38,4х28,3 см) соңғы 61-нші бетiнде көне моңғолша «төрткүл жазу» («Пагс-ба») әрпiмен , көне ұйғыр әрпiмен және арабша жазылған 5 жол мәтін. Мәтін жазылған парақтың өлшемі 22,3х19,4 см. Көне ұйғыр жолды мәтіннің ұзындығы орташа есеппен -15,5 см, ені- 0,2-0,3 см. Ал төрткүл әріптерінің ені5 см, жол ұзындығы –17,2 см. Түпнұсқасы Түркияның Стамбұл университетi «Көне туындылары» кiтапханасында сақтаулы (Nadir eserleri bölümü- № F-1423 ).
Ғылыми зерттеулер
Мәтін талдауларын Н.Н. Поппе, Е.Жанчив және басқа ғалымдар жасаған.
Ғылыми әдебиет
Поппе Н.Н. Квадратная письменность. – М., Л.: Издательство АН СССР, 1941.-166. 78-80
Жанчив Е. Дөрвөлжин үсгийн монгол дурсгал (Эх, үсгийн галиг, хөрвүүлэг, үгийн хэлхээ, номзүй).- Улаанбаатар, 2002. -130.
Жанчив Е. Сонгодог монгол бичгийн өмнөх үеийн бичгийн дурсгалууд. -Улаанбаатар, 2005. -240.
Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері, II, 2006 - Деректемелер мен мұрағат құжаттары (ғылыми мағыналық аудармасы мен түсіндермелері, көрсеткіштері- Н. Базылхан, А.Құрметхан, З.Хинаят, Д.Қатран, Б.Хинаят, А.Тойшан) // Серия «Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері» -II том. - Алматы:Дайк-Пресс, 2006.-180-б.
Мәтін
Qubilay qan sunqar bolurta aydmış Ay, menin Uruğ-larım men-ten soŋur-a ulus-nı yığar bolsanız el-nin boy-lar-ını yığınča köŋül-ler-i-ni yığınız köŋül-ler-i-ni yığını-tın soŋur-a boyı -ları qayda barğay teb yarlıq bolmıš –
Құбылай хан сұңқар болар-да айтқан екен Әй, менiң ұрпақтарым мен+ен соңыра ұлысты жияр болсаңыз елдiң бойларын жиғанша көңiлдерiн жиыңыз көңiлдерiні жиған соңыра бой--лары қайда барар! деп жарлық болған екен.
Пікір қалдыру