Көне түрк жазба ескерткіштерінде аталатын шетел этнонимдері

Мәтін

Көне Түрк жазба ескерткіштерінде аталатын шетел этнонимдері


1.    Bes Söŋüt > бес сөңүт. «Бес Сөңүт». Қазіргі ҚХР-ның солтүстік шығыс аумағы Тибетке көршілес жерлерде мекендеген ежелгі халық.

2.    Böküli Čölüg el >  Бөкүлі Чөлүг Ел. «Бөкілі шөлді ел». Қазіргі күн шығыстағы Корей түбегі. Кейбір зерттеушілер «Бөкүлі» Бекже Когурио мемлекеті, ал, «Чөлүг елі» солтүстік Жоу мемлекеті деп қарастырып келеді.

3.    Buqaraq> Бұқарақ. «Бұхара».

4.    Čub > чұб.  «Шу». Қытайша  «чоу» аудан деген  әікмішілік сөздің атауы. Алты чұб соғдақ- алты аудан соғдылықтар деп атады.

5.    Keŋeres> Кеңерес. Кеңгір. Қазіргі Орталық, Оңтүстік Қазақстан аумағы.

6.    Maqrač tamγačï >  Макрач тамғачы. «Макрач таңбашы». Мақрач жердің атауы болса керек. Нақты қай жер екені белгісіз. Үнділерге қатысты қарастырады. 

7.    Otuz Tatar> Отұз татар. «Отыз татар». Моңғол тектес көшпелі отыз тайпалар одағы. Қытай деректерінде «татань, дадань». Қазіргі Моңғолияның шығысы, Байкөл мен Маньчжурия аралығында мекен еткен.

8.    Qïtaň> қытаң. Манжұр-моңғол тектес көшпелі тайпалар., Манжұрия, солтүстік қытайда мекен еткен. Бүгінгі «қытай» аталуының түп төркіні  табғач-қытайлықтарды билеген осы көшпелі тайпаның атымен байланысты «қытай» деп қалыптасқан.  

9.    Söŋüz  > сөңүз. «Сөңүз» . Қазіргі ҚХР-ның солтүстік шығыс аумағы Тибетке көршілес жерлерде мекендеген ежелгі халық.

10.                  Soγdaq>соғдақ. «Соғдылықтар, сарт саудагерлер». Иран тектес халықтардың жалпы атауы. Түрк империясы кезінде сауда-саттықтың жол тораптарында дәнекерлік елеулі қызметтер атқарған.

11.                  Soγud> соғұд. «Соғды». Түрктер tat> тат деп иран тектес халықтарды атаған еді. Өздерін олар соғды деген.

12.                  Tabγač > табғач.  «Тауғаш//табғаш». Табғачтар. Қазіргі атау бойынша «қытайлар».  Б.з. IV-VI  ғасырларда  «Табғачтар // тобалар» солтүстік «қытай» Вэй (386-534 ж.) мемлекетін  билеген жатылай көшпелі этнос болған. Қытайға толық сіңіп кеткен соң  көне Түрктер   бүкіл  «қытайды» табғач деп атаған. Сол сияқты «қытаң //қытай» деген сөздер де    отырықшы «қытайды»  билеген  жартлай көшпелі этностың  атауы. 

13.                  Taŋut> Таңұт. «Таңғыттар». Қазіргі ҚХР-ның солтүстік шығыс аумағы Тибетке, Сөңгүтке көршілес жерлерде мекендеген ежелгі халық.

14.                  Tat> Тат. «Тат, сарттар, соғдылықтар».  «On oq  oγulïŋa  tatïŋa  tegi  bunï  körü  biliŋ  taš  toqïtdïm – Он оқ ұлына, татына дейін мұны біліңдер, тас қашаттым»  деп кездеседі. Махмұд Қашғаридың «Түрк тілдерінің сөздігінде» «tatsïz Turuk bolmas»   деп  «сарт саудагерлерді» айтады.

15.                  Tatabï> татабы. «Татабылықтар» моңғол-манжұр тектес көшпелі тайпалар. Бұлар Ішкі Моңғолияда мекен еткен.

16.                  Tatar> Татар. «Татарлар». Шығыс Моңғолиядағы көшпелі халықтардың жалпылама атауы.

17.                  Tezik >тежік. «Тәжік». Арабтарды осылай атаған.

18.                  Tinsi oγulï > Тінсі оғұлы. «Тинси ұлы, аспанның ұлы». Көк Түрктер секілді  қытайлықтар  да өз хандарын «Тәңірінің ұлы» деп еліктеген  қытайша атауының Түркше аудармасы. 

19.                  Toqursïn> тоқұрсын. «Тоқарстан». Тохария ұлысы.

20.                  Toquz Tatar >тоқұз татар. «Тоғыз Татар». Түрк, моңғол тектес тайпалар одағы.

21.                  Tüpüt> Түпүт. Қазіргі Тибет елінің сол кездердегі  атауы.

22.                  Tuyuγut> тұйұғұт. «Тұяқтылар». Тұйғындардың көпше атауы.

23.                  Tuyγun>тұйғұн. «Тұйғын». Оңтүстік Ғоби шөлі мен Тибеттің солтүстігін мекендеген жартылай көшпелі тайпалар.

24.                  Tоqar>тоқар. «Тоқар». Тохаристан. 

Пікір қалдыру