Ұлық ұлыстың ханы – Абдулланың (1361-1369 жж.) елшілік алтын белгісі

Жалпы мәлімет

Абдулла – Өзбектің ұлы.  Белгішенің өлшемі: 28,0х9,0 см. Күміс, алтынмен апталған. 1848 жылы  Ресейдің Екатериаслав облысының Грушевка селосынан табылған. Мәтін белгішенің бет тұсында екі жол, артқы бетінде екі жол барлығы төрт жол көне ұйғыр жазуымен  көне моңғол тілінде жазылған. Мәтіннің үстіңгі тұсында екі тарапта барыс бейнесі оюланып (гравировка) бедерленген және жіп өткізетін тарнайы тесік жасалған. Түпнұсқасы бүгінде Санкт-Петербург Эрмитажында Ұлық ұлыс залында сақтаулы (инв. №30-295).

Ғылыми зерттеулер

Алғашқы зерттеулерін А.М. Позднеев [Позднеев, 1896: 150-152], А.Спицын [ Спицынь, 1909: 130-144] анықтамалық зерттеулерін  жариялаған. Сондай-ақ, Л. Лигети [Ligeti,1963: 171] Д. Төмөртогоо [Төмөртогоо, 2002:  310; Tumurtogoo, 2006: 280-281], Е. Жанчив [Жанчив, 2005:79], Н.Базылхан [Деректемелер мен мұрағат құжаттары, 2006:13-19] қатарлы зерттеушілер талдау жасаған. Қазір Санкт-петербург эрмитажында сақтаулы [Алтын Урда хәзинәләре, 2000].

Ғылыми әдебиет

Позднеев А.М. Лекции по историй монгольской литературы, Т. 1. 1896. -289.

Спицынь А. Татарьскія байсы // «Известия Императорской Археологической Комиссий», выпуск-20, – Спб,1909. t.XXIX. с. 130-144. 

Ligeti Lous   Pleklasszikus emlekek 1, MN. I. -Budapest, 1963. –176 p.

Жанчив Е. Сонгодог монгол бичгийн өмнөх үеийн бичгийн дурсгалууд. -Улаанбаатар, 2005. -240.

Деректемелер мен мұрағат құжаттары (ғылыми мағыналық аудармасы мен түсіндермелері, көрсеткіштері- Н. Базылхан, А.Құрметхан, З.Хинаят,Д.Қатран, Б.Хинаят, А.Тойшан). // Серия «Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері» -II том.  - Алматы:Дайк-Пресс, 2006.-180-б.  

Tumurtogoo D.  Mongolian Monuments in Uighur-Mongolian Script (XIII-XVI Centures). Introduction, Transcription and Bibliography. Institut of Linguistics, Academia Sinica, Taipei, Taiwan, 2006. –723.

            Алтын Урда хәзинәләре. Сокровища Золотой орды. The treasures of the Golden Horde. -Санкт-Петербург: АО «Славия», 2000.- 345.

Мәтін

      Бет жағы


Möŋke Teŋgeri-yin küčün-dür !

Yeke suu zali-yi irgegün-dür !


Артқы беті


Abdulla -un zarliγ !  ken ülü

bisirekü, kümün  aldaqu ükükü


Мәңгі Тәңрiнiң күшi-дүр!

Ұлы сұсты жарасты қара халыққа

Тоқтоға+ның жарлығы!  кім еш

табыну, кiсi алдыртса, өлтiрiлмек!

(Кiмде кім табынбаса, сол (кiсi) жойылсын, өлтiрiлсiн!)

Пікір қалдыру