Ұлық ұлыстың ханы Келдібектің (1357-1380 жж.) елшілік күміс белгісі
Жалпы мәлімет
Келдібек ханның елшілік белгісі күмістен жасалған. Өлшемі: 29,8 х 9,7 см. Елшілік белгігінің көлемі, пішіні, безендірілуі Өзбек ханның елшілк белгісімен өте ұқсас.
Мәтін белгішенің бет тұсында екі жол, артқы бетінде екі жол барлығы төрт жол көне ұйғыр бітігімен көне моңғол тілінде жазылған. Ресейдің Симферополь облысынан 1848 жылы табылған бұл жәдігер бүгінде Мәскеудегі Мемлекеттік тарих мұражайы қорында сақтаулы тұр (инв. №99264/2013 №328).
Ғылыми зерттеулер
Алғашқы зерттеулерін А.М. Позднеев [Позднеев, 1896: 150-152], А.Спицын [ Спицынь, 1909: 130-144] анықтамалық зерттеулерін жариялаған. Сондай-ақ, Л. Лигети [Ligeti,1963: 171] Д. Төмөртогоо [Төмөртогоо, 2002: 310; Tumurtogoo, 2006: 280-281], Е. Жанчив [Жанчив, 2005:79], Н.Базылхан [Деректемелер мен мұрағат құжаттары, 2006:13-19] қатарлы зерттеушілер талдау жасаған. Қазір Санкт-петербург эрмитажында сақтаулы [Алтын Урда хәзинәләре, 2000].
Ғылыми әдебиет
Позднеев А.М. Лекции по историй монгольской литературы, Т. 1. 1896. -289.
Спицынь А. Татарьскія байсы // «Известия Императорской Археологической Комиссий», выпуск-20, – Спб,1909. t.XXIX. с. 130-144.
Ligeti Lous Pleklasszikus emlekek 1, MN. I. -Budapest, 1963. –176 p.
Жанчив Е. Сонгодог монгол бичгийн өмнөх үеийн бичгийн дурсгалууд. -Улаанбаатар, 2005. -240.
Деректемелер мен мұрағат құжаттары (ғылыми мағыналық аудармасы мен түсіндермелері, көрсеткіштері- Н. Базылхан, А.Құрметхан, З.Хинаят,Д.Қатран, Б.Хинаят, А.Тойшан). // Серия «Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері» -II том. - Алматы:Дайк-Пресс, 2006.-180-б.
Tumurtogoo D. Mongolian Monuments in Uighur-Mongolian Script (XIII-XVI Centures). Introduction, Transcription and Bibliography. Institut of Linguistics, Academia Sinica, Taipei, Taiwan, 2006. –723.
Алтын Урда хәзинәләре. Сокровища Золотой орды. The treasures of the Golden Horde. -Санкт-Петербург: АО «Славия», 2000.- 345.
Мәтін
Бет жағы
Möŋke Teŋgeri-yin küčün-dür !
Yeke suu zali-yi irgegün-dür !
Артқы беті
Keldibek -un zarliγ ! ken ülü
bisirekü, kümün aldaqu ükükü
Мәңгі Тәңрiнiң күшi-дүр!
Ұлы сұсты жарасты қара халыққа
Келдібектің жарлығы! кім еш
табыну, кiсi алдыртса, өлтiрiлмек!
(Кiмде кім табынбаса, сол (кiсi) жойылсын, өлтiрiлсiн!)
Пікір қалдыру