Тардұ қаған тиындары (576-603 жж.)

Жалпы мәлімет


Tardu    qaγan >Тардұ қаған.  Қағандық  атағы : Тардұ   қаған. Туған жылы: ?. Билік құрған жылдары: 576-603 (7 жыл). Әкесінің аты: Естемі қаған. Өз аты: Білге? Түрк бітіктастарда аты кездеспейді.  Қыт.: Датоу кехань//Буцзя кехань  деп хатталған.

 Қытай жылнамаларында: « ...Седими қағанның баласы Датоу қаған еді, оның аты Буцзя (Білге) қаған деп те аталады. Бастапқы да олар шығыс түрктермен бірге байырғы Усунь жерін бөліне қоныстанған болатын. Ол кезде жерінің шығысы түрктерге, батысы Лейчжу теңізіне (Балқаш, Арал, Каспий ?), оңтүсітігі Шулеге (Қашқар), солтүстік жағы Хаңғайға дейін созылып , астананың солтүстік жағында 7 000 ли шалғайда жатыр. .. Яньци елінен солтүстік-батысқа қарай 7 күндік жерде Оңтүстік ордасы болды, солтүстікке қарай 8 күндік жерде Солтүстік ордасы болды. Дулу, нушиби, гэлолу, чумэ, чуми, и-у қатарлы рулар аралас отырды.

 «Датоу қағанның есімі - Дяньцюе, ол Шаболююенің немере ағасы, бұрын батыс тараптағы қаған болатын... Датоу өзін-өзі «Буцзя қаған» де атап, билік тағына отырып алды...Суй патшалығы Циминьге көмек көрсетіп отырды.  Датоу жеңіліп туюйхуньдарға қашып кетті ... » [ӘТЖ. 2-бөлім. 73, 268].  Осы орайда      Тардұ қағанның ғұрыптық кешені қайда екені белгісіз.  



Ғылыми зерттеулер


Г.Бабаяров аталмыш монеталар жайында бірсыпыра зерттеулер жүргізген. 

Ғылыми әдебиет

Gaybullah Babayar  Köktürk kağanligi sikkeleri kataloğu. –Ankara:TIKA, 2007.- 244.

Бабаяров, 2007. 9, 53;  www.zeno.ru.20688; 34619

Мәтін

Тардұ қаған (576-603 жж.) дәуірінің нумизматикалық кешені.  Шаш (Ташкент) өңірі. Канкатепе.Мыс. Өлшемі- 1,6 см. Салмағы- 1,5 гр. 

Av: Қошқар мүйіз іспетті таңба мен көне соғды курсив жазулы мәтін: «trdw – тардұ».  

Rv: орта тұсында көне соғды курсив жазулы мәтін:  «γγ’n -қаған » және жиегінде нүктелі өрнектер салынған. 

Пікір қалдыру