Күйік қағанның жарлықты хаты. 1246 ж.

Жалпы мәлімет

Өгөдейдің ұлы Күйік қағаннан Ұрым (Рим) папы 4-ншi Иннокентийге  (1195–1254 жж.) жіберген жарлықты хатының мәтіні орта түрік және парсы тілінде араб жазуымен аралас-құралас жазылған, ал  хатқа екі рет көне моңғол мәтінді қызыл бояулы төрт бұрыш пішінді мөр басылған. Хаттың өлшемі 97х16.5см.

Ғылыми зерттеулер

Аталмыш құжат 1920 жылы Ватикан құпия архивінен поляк папы Крилл Кавалевский алғаш анықтаған. Мәтіннің алғашқы зерттеуін француз ғалымы П.Пелио [Pelliot, 1923: Pl-I. ] жасаған. 

  Ал хаттың бастапқы  арабграфикалық екі жолы орта түрік тілінде: «Maŋgi Tenriniŋ küčün-de!  Uluγ ulusnïŋ Taluynïŋ qan jarlïγïmïz» – «Мәңгі Тәңірінің күшінде! Ұлық ұлыстың теңіздің ханы, жарлығымыз!» деп басталады. Арабграфикалық түрікше  мәтініндегі «Uluγ ulusnïŋ»  дегенді П.Пелио «Kür //gür  (tour entier) uluγ ulusnïŋ – Күллі барлық ұлық ұлыстың» деп оқыған болатын [Pelliot, 1923. 22]. Одан кейінгі жолдары парсы және орта түрік, араб сөздері аралас-құралас жазылған.       

Осы жарлықты хатты Күйік қаған өз елшілерімен жеткізбек болған екен. Алайда оның ордасында 1246 ж. болған миссионер-елші, францискандық Плано Карпини (1182–1251) [ Плано Карпини, 1911: 37-39] өзі осы хатты  Рим папасы IV Иннокентийге аманатты түрде жеткіземін деп уәдесін берген екен. Плано Карпини өзінің саяхатнамасында Күйік қаған ордасында төрт ай болып, соңында «Күйік қаған,  құдайдың барлық шіркеулеріне, Рим империясына, Христиандық барлық патшалықтарға, бүкіл батыс елдеріне  қарсы  жорыққа аттануға әзірленіп жатыр»  деген қорқынышты хабарды Рим папасына жеткізеді, сол шабуыл-жорықтарға қарсы христиан елдер бас қосып барлығы қорқынышты апатты соғысқа дайындалу керек деген екен [Бира, 2001:250-251]. Алайда, ол соғыс жорықтар жасалмады, бұл екі еларалық биліктің бірін бірін сырларын білмекші болған іспетті қатынастарды аңғартады. Сонымен қоса, аталмыш жарлықты хатта Күйік қаған билігі дәуірінде бірде-бір көшпелі түрік, моңғол тайпалары христиан дінін қабылдамақ түгіл, хабарсыз болғандығын тағы да дәлелдейді.

Отандық және шетелдік шығыстанудың бұрынғы  зерттеулерінде Найман, Керей, Оңгұт секілді аса қуатты хандықтар мен  тайпалық бірлестіктері  несториан, христиан діні ағымында болды [Эрдэнэбат, 2009: 12-13] деген дәлелсіз тұжырымдарында аталмыш жарлықты хаттың өзі бұлтартпайтын етіп,  ол жаңсақ тұжырымдарын тас талқан етіп тұр. Оған қоса, хаттың мазмұнына зер салсақ,  Рим папасы Күйік қаған дәуірінде  христиан дінін таратуға, көшпелілерді шоқындыру амал әдістерін іздестіріп барын салғандығы да аңғарылады. Ал, Күйік қаған Рим папасына Тәңірлік дүниетанымына бас иіп, Шыңғыс қағанның Ұлы Йаса заң құқықтарына  бағынуды бұйрық етеді.  

Әлбетте, Шыңғыс қағанның билік рәміздері мен ресми құжаттары, кеңселері де  болды. Қаған ақ киізбен көтеріліп ұлықталынды, алтын тақта отырды, алтын тәж киді,  алтынмен көмкерілген ақ ордада  (киіз үйлі  үлкен арбада) жайғасты. Бұрынғы Ішкі Моңғолия, Ордостағы «Чингисийн онгон»  («Шыңғыстың құтты киесі») деп аталатын жерде ұлы қағанның қолданып жүрген зат-бұйымдарын кие тұтып, айрықша қастерлеп  «дархат әулеттері» (қағанды қорғаушы darqan> дархан//darqat>дархат рулары) бірнеше ғасыр сақтап келгенімен «қытайдың қызыл мәдениет төңкерісі» кезінде толықтай жоғалған делінеді. Дегенмен де, XIII-XIV ғасырларға қатысты Жошы, Шағатай, Өгедей ұлыстарының аумақтарында археологиялық табылымдардан бірсыпыра жайттарды білуге болады. Шығыс миниатюраларында Шыңғыс қаған және оның ұлдары мен немерелерін суреттеген бейнелерден көптеген рәміздік этносимволикалық деректерді аңғаруға болады.

Шыңғыс қағанның билік атрибуттары  біздің заманға ұласып жетпеген. Әлбетте арнайы алтынмен апталған мөрі болғандығы хақ. Ол мөрдің мәтіні аталмыш  Күйік қағанның мөрінің мәтіні болса керек. Демек, Моңғол империясының қаған тағына әуелі Шыңғыс қаған 1206–1227 жж. билік құрса, одан кейін ұлы Өгедей 1129–1241 жж.  билік құрды, ал  одан кейін Шыңғыстың немересі, Өгедейдің ұлы  Күйік 1246–1248 жж. қаған тағына отырған еді. 

Бір сөзбен айтқанда,  Шыңғыс қағанның алтын мөрі болса, ондағы  мәтін : «Мәңгілік Тәңірінің күш-дүр! Ұлы Моңғол ұлысының  теңізідей қағанының  жарлығы-дүр! Ел, жаулар мен еріктілерге, халыққа, жетсе, (бас иіп) бүгіліңдер, қорқыңдар!»   деген сөз. 

Ғылыми әдебиет

Pelliot  P.  Les Mongols et la Papaute. Documents nouveaux edites, traduitset commentes. // Revue d'Orient Chretien. -Ser. 3. T. III (XXIII). -1922-1923.-№l et 2. 3-30 рр.

Tumurtogoo D.  Mongolian Monuments in Uighur-Mongolian Script (XIII-XVI Centures). Introduction, Transcription and Bibliography. Institut of Linguistics, Academia Sinica, Taipei, Taiwan, 2006. –723. 

Мәтін

Мәңгі Тәңірінің күшін-де! Ұлық ұлыстың теңіздің ханы жарлығымыз!

Бұл жарлық, ұлы Папаға  арнап жіберілген, танысқан соң ол түсінсін! Ақыл кеңесіңізді ұстанып... Сіз бізге құлшылық етуді сұрап өтініш жазыпсыз, оны Сіздің елшілеріңізден тыңдап білдік. Егер де, Сіз өзіңіздің айтқаныңыз бойынша істі жасасаңыз, онда ұлы Пап Сіз де бізге асығыңыз,    Йасаның әрбір бұйрығын Сіздің өз құлағыңызбен тыңдауыңызды осы уақытта қалар едік. Тағы да (айтарымыз). Сіз маған айттыңыз, егер мен шоқынсам жақсы болар дедіңіз.  Сіз,  Бізге өтініш жолдап өте ақылды әрекет жасадыңыз, алайда Сіздің өтінішіңізді біз түсінбедік.

Тағы да (айтарымыз).  Сіз маған мынадай сөздерді жолдапсыз: «Сіздер Мажарлар мен христиандардың барлық аудандарын жаулап алдыңыздар. Мен таңғаламын. Мұнда қандай қателік бар»  депсіз. Сіздің бұл сөзіңізді біз де түсінбедік.

Шыңғыс қаған және қаған біз екеуімізге Тәңірдің   бұйрығын  тыңда деді. Алайда Тәңірдің бұйрығын ол адамдар тыңдамады. Сен сөз еткендер,  ұлы аманат, кеңеске көнген еді, олар тәккәппарлығын көрсетті, біз жіберген біздің елшілерімізді өлтірді.

Бұл жерлерде  Мәңгілік Тәңірінің  күшімен адамдар өлтірілді, жоқ болды. Кейбіреулері Тәңірдің бұйрығымен аман қалды, Тәңірдің бір ғана күшінің арқасында. Қалайша адамды тұтқындап, өлтіріп, қалайша олар жаулап алды. Сен айттың: «мен христианмын (тарсамын), мен Тәңірді сүйемін....». Сен қайдан білесің! Тәңірдің күнәні кешіретінін, мейрімділікті өзінің қалауынша сұрайтынын! Сен оны қайдан білесің, осыншама сөз етіп!

Тәңірдің күшімен, күннің атуынан бастап, күннің батуымен аяқталатын барлық жер бізге тиесілі. Тәңірдің бұйрығынсыз ешкім ештеңе істей алмайды.

Қазір Сіз шын жүректен айтуыңыз керек: «Біз Сіздерге құлдық етеміз, біз бәріміз Сіздерге өз мүліктерімізді береміз» деп. Сен өзің король болып басқарып, бәрің де бірге, ешкім қалмай келіңдер, өздеріңнің қызметтеріңді, құлдықтарыңды ұсыныңдар! Осы сәттен бастап біз сіздерді бас иіп, бағынды деп санаймыз. Егер Сіз Тәңірдің бұйрығына  көнбесеңіздер, бізге қарсылық көрсетсеңдер, онда сіз жау боласыз!

Мінеки Сіз нені білу керек екенсіз! Егер сіз басқаша әрекет жасасаңыз, оны біз біледі дейсіз бе, не болатынын,  ол жағы,  бір Тәңірге ғана аян!  Жуамадиу ал-аиха айының соңы 644 (1246) жыл.


Парсы тіліндегі мәтіні

منکو تنکری کو چنداکورالغ اولوس ننگ تالوی نونک خان یرلغمز

این مثالیست بنزدیک پاپاء کلان فرستاده شد بداند و معلوم کند ما نبشت دو زفان ولایتهاء کرل کنکا ش کردست اوتک ایلی بندگی فرستاده از ایلچیان شما شنوده آمد و اگر سخن خویش برسید توکی پاپاء کلان با کرل لان جمله بنفس خویش بخدمت ما بیائید هر فرمان یاساء کی باشد آن وقت بشنوانیم.

دیگر گفته‌اید کی مرا در شیلم درآی نیکو باشد خویشتن مرا دانا کردی اوتک فرستادی این اوتک ترا معلوم نکردیم دیگر سخن فرستادی «ولایتهای مجار و کرستان را جمله گرفتیت مرا عجب می‌آید ایشان را گناه چیست ما را بگوید» این سخن ترا هم معلوم نکردیم - فرمان خدای را چنگیز خان و قاآن هر ئو شنوانیدن را فرستاد - فرمان خدای را اعتماد نکرده‌اند هم چنان که سخون توایشان نیز دل کلان داشته‌اند – گردن کشی کرده‌اند – رسولان ایلچیان ما را کشتند – آن ولایتها مردمان را خدای قدیم کوشت و نیست گردانید – جز از فرمان خدای کسی از قوت خویش چگونه کوشید چگونه گیرد – مگر تو همچنان میگوئی که من ترسایم خدای را می‌پرستم زاری می‌کنم می‌یابم – تو چه دانی که خدای که را می‌آمورزد، در حق که مرحمت می‌فرماید – تو چگونه دانی که همچنان سخن می‌گوئی - بقوت خدای آفتاب بر آمدن و تا فرو رفتن جمله ولایتها را ما را مسلم کرد است می‌داریم - جز از فرمان خدای کسی چگونه تواند کرد – اکنون شما بدل راستی بگوئید کی ایل شویم کوچ دهیم - تو بنفس خویش بر سر کرل لان همه جمله یک جای بخدمت و بندگی ما بیائید - ایلی شما را آنوقت معلوم کنیم و اگر فرمان خدای نگیرید و فرمان ما را دیگر کند شما را ما یاغی دانیم همچنان شما را معلوم می‌گردانیم و اگر دیگر کند آنرا ما می‌دانیم خدای داند - فی اواخر جمادی الاخر سنه اربعه اربعین و سته میه

Пікір қалдыру