Байырғы суреттер, петроглифтер, символдық белгілер
Жалпы мәлімет
Түрктердің арғы ата-бабалары ежелден Еуразияның таулы-далалық аумақтарында мекендеп келген. Олар аңшылық, егіншілік, әсіресе мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі өмір салтын ұстанды. Атап айтқанда, адамзат өркениетіндегі ең үздік жетістік саналатын жылқыны қолға үйрету осы көшпелілердің еншісінде. Палеометалдар өндірісі күшейді. Металдардан түрлі тұрмыстық бұйымдар жасады. Көшпелілердің дүниені тану, жаратылыстың құпиясын ашуға ұмтылуы мифтік наным-сенімдеріне әсер етті. Соны нәтижесінде синкретикалық "өнер туындылары", тасаттық-ғұрыптық кешендері (күн, ай, қару, бұғы және басқалар қашалып бейнеленген ұстынтастар яғни бұғытастар (б.з.д. XIV-VIII ғғ.) орнату ғұрыптары пайда болды. Көсемдер мен ру-тайпалық қатынастарында мүліктік айырмашылықтар пайда болды, айырбас саудалар дамыды ("Ботай", "Андронов" және "Беғазы-Дәндібай" мәдениетінің өкілдері). Бір сөзбен айтқанда, Еуразия кеңісітігінде әйгілі аттылы көшпелілер өркениетінің негіздері басталып, әлемдік өркениетке өлшеусіз үлес қосты.
Еуразия кеңістігінде тарихта «прототүрк» деп танылған ата-бабаларымыздың тілдік деректері, жазулы мәтіндері бізге жетпеді. Қазірге дейін тілі мен жазуына қатысты айғақтар анықталынбаған. Өйткені ол кезеңдерде жазу-сызудың болмауына байланысты, оның ілкі формалары - алғашқы қарапайым суреттер, петроглифтер, пиктограммалар, идеограммалар, жартас суреттері, символдар, таңбалар көптеп қолданыла бастады. Ол сызба суреттерде күн, ай, жұлдыздар, жылқылар, жыртқыш аңдар, бұғылар, адамдар, арба көлік құралдары, қару-жарақтары сияқты алуан түрлі семантикалық көріністер болатын. Демек, аталмыш артефаткілердің барлығы дерлік жазудың, жазба мәтіндердің алғашқы көріністері деуге болады.
Еуразия кеңістігінде Хянган, Хэнтий, Хангай, Алтай, Саян, Тәңірі (Тянь-Шань), Алатау, Қаратау, Ұлытау және басқа да тау жоталарының жартастарында аса мол кездеседі. Қазір олардың саны толық тіркелмеген. Мысалы, Моңғол Алтай Шивээт хайрхан, Бага Ойгор, Цагаан салаа Арал толгой тауларында 100 000 астам петроглиф, суреттер анықталынған. Олардың хронологиясы 4000 жыл. Ал, Қазақстан Тамғалы шатқалында қола дәуірінен бастап қазірге дейін - 2000 суреттер мен петроглифтер тіркелген. Қырғызстан Саймалы таш жартастарында 10 000 , Әзербайжан Гобустанда 3500 суреттер анықталынған.
Ғылыми зерттеулер
монголын археологийн сонгомол өв. archaeological selected relics of mongolia. ii. -монгол улсын ШУА, Түүх археологийн хүрээлэн. –Улан-Батор, 2016.-15, 18.
Ғылыми әдебиет
Монголын археологийн сонгомол өв. Archaeological selected relics of Mongolia. II. -Монгол улсын ШУА, Түүх археологийн хүрээлэн. -Улаанбаатар, 2016.-15, 18.Пікір қалдыру
Mustafa Karasüleymanoğlu06 Желтоқсан, 2017
Değerli sayfamız yenidir o yüzden Eski Resimler, Petroglifler, Sembolik İşaretler az sayıda. İçeriğin belge video ve resimlerle daha da zenginleştirilmesini istiyorumz. saygılar
Sabri ÇİĞDEM22 Наурыз, 2018
Söz konusu edilen hiçbir eski resme, petroglife ve sembolik işaretlere ulaşamadım. Ayrıca dosyalardaki açıklamaların KİRİL alfabesiyle yazılmış olması nedeniyle hiçbir şey anlaşılmıyor Madem bunu RUSLAR için hazırladınız, o zaman Türklere neden açıyorsunuz, madem Türklere açtınız neden Türkçe açıklama koymadınız. Yarım yamalak iş yapmayın lütfen, ciddi olun...Her şeyi tamamlamadan da bu internet sitesini açmayın...Tam bir hayal kırıklığı...
Ившаоташ14 Қазан, 2019
Оутша ара
Mohammad Reza Pashayi13 Шілде, 2020
Selam. Bu önTürkçe meselesini kapatırsanız çok iyi olur çünkü anlamsızdır. Üster 10000 veya 5000 ve ya 1000 yıl çnce yaşayanlar hep TÜRKler. Sizin bu yorumunuzla 5000 yıl sonra bizim 5000 yıl önceki atalarımız ön ön Türkler olacak ve bizde ön Türk olacağız. Bunlarda mantıksız görünüyor. Kim başlatmş bu öntürkluğu bilmem ama tam köklerimizi çürütmeğe bir çalışmadır ... Saygılar