Байбалық қаласы

Жалпы мәлімет

kLBJB -Bay balїq>Байбалық. Көне үрікше «Бай қала» деген мағыналы сөз.  Қазіргі Моңғолияның Бұлғын аймағы, Хутаг-Өндөр  сұмынынан 11 км батыста. Селеңгі  өзенінен солтүстікте   2 км жерде  тегіс жазықта орналасқан. Жергiлiктi халық  «Бийбулаг»  деп атайды. Орналасуы: солтүстік ендік – 49 0 23 ' 729 '', шығыс бойлық – 102 0 30 ' 299''. Теңіз деңгейінен:  938 м.

Түрік Елінің солтүстіктегі «ұйғыр» этносаяси бірлестігінің Ет етміш Білге қаған (747- 759 ж. билік құрған)    кезінеде  салдырған қаласы. Қағанның бұйрығымен оның әсем де көркем салынуына соғдылықтар мен табғач (қытай) шеберлері  қатысқан.  Ел етміш Білге қаған  (747- 759 ж. билік құрған ) бірінші (Мойын-чұр) бітіктасының мәтінінде: «Soγdaq: Tabγačqa Seleŋede: Baybalïq yapïtï bertim: - Соғдақ: Табғач-қытайларға  Селеңгеде: Байбалық жасатып (бұйрықты) бердім» делінеді.

 Қала бөлек бөлек  қамалды үш қорғаннан құрылған , 1-қамал (238х235х378х232 м), 2-қамал (142 х 149 х158 х149 м),   3-қамал (329х314х332х320 м) болғандығы анықталынған және ол орындардан әр түрлі кезеңдерге қатысты керамика қыш ыдыстардың сынықтары табылған. Жергілікті тұрғындардың және зерттеушілердің  хабарлауы бойынша  осы қала орнында  көне түрік бітк немесе көне ұйғыр жазулы ескерткіш болған делінеді.

Аталмыш қаланының орнын жергілікті халық  «Бийбулагийн балгас» (Бийбұлақтың қалашығы) және  «Бийбулагийн сүм» (Бийбұлақтың монастры) деп атайды. Бұрын осы қаланың орнында буддалық монастр салынғандықтан  Бийбұлақтың монастры деп аталған. Сол монастрдың орны әлі де сақталынған.  





Ғылыми зерттеулер

1949 ж. С.В. Киселев , Х.Пэрлээ бірлі-жарым қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Одан кейін 1975 жылы С.Г. Кляшторный   ал, 1982 және 1986 жылы осы қала жайлы  және ол жерден табылған керамика сынықтары  сипаттамаларын  Ю.С. Худяков   жазған. 1996-1998 жылдары Моңғолия-Жапония  ғалымдары Д. Баяр, Н. Ширайши, Ц. Баттулга   аталмыш қалада арнайы зерттеу жүргізіп, қаланың 1970 жылғы әуефотосурет   негізінде аталмыш қала үш қамалдан  тұратынын толық анықтаған.  Сондай-ақ  қаланың    үш  құрылыс орнының топографикалық сызбасын, өлшемдерін жасап, археологиялық жерүсті жәдігерлерді жинаған, қала аумағындағы  4 дана арыстан бейнелі тасмүсіндердің  суретін сызып,  жалпы қаланың орны мен құрылыстық құрамы  жайын анықтаған. 


İsmail Kaya05 Маусым, 2022

Eski Türk şehirciliği ve Ordubalık şehri özelinde lisans tezi hazırladım eğer buradaki "Baybalık Kenti" başlığı altında yayınlarsanız size gönderebilirim. İyi günler.

Пікір қалдыру