Көне түрктердің баспанасы киіз үйлері мен арбалары

Жалпы мәлімет

Қазірге дейін  көне түрктер қолданған киіз үйдің археологиялық айғақтары табылмай келеді. Сондықтан кейбір жазба жєне басқа да деректерге сүйене отырып киіз үйдің жалпы келбетін қалпына келтіруге болады. Жалпы, қазіргі қазақ, қырғыз, моңғол үлгідегі киіз үйлерден пәлендей өзгеше болды деуге келмес. Дегенмен,  сол дәуірлерде  киіз үйлердің  дәл қандай үлгісі кеңінен қолданды немесе қазіргі киіз үйлердің қайсысы ежелгі дәстүрдің пошымын сақтап қалды деген сұрақ туындайтыны белгілі.  

Бұл ретте ең қызықты деректің бірі –Қазақстан, Жамбыл облысы Қоғалы өңіріндегі көне түрк ғұрыптық кешенінде орнатылған  ескерткіш (тасмүсін іспетті қолданылған) таста бейнеленген «шошақ шаңырақты» киіз үйді ерекше атау керек.

b  Eb> еб. «үй, киіз үй. » Көне түрк дәуірінде киіз үйді «еб» деп атады. Түрктерде  киіз үй қолданғаны жайлы жазба деректер  баршылық Бұдан  еб // үй деген мағына білдіретн түрк бітіктің   таңба-әрпі b > eb   шын мәнінде «күрке, қосты, керегені» бейнелеген идеограммадан пайда болғанын аңғаруға болады. Eb > // үй сөзінің  семантикасы  бабатүрк тілі дәуірінде  әуелі ep-  «бірдеменің жиынтығы»   деген мәнді білдіре келе, семантикалық  бірнеше мағынамен салаланып  өрби дамыған деп топшылауға болады. Оның  бірі aba, abu, abï+sïn,   ebe, ebu, ebi, «ата, баба, апа, әже, ана, абысын»  , екінші бағыты  eb, ab//aw, ab+dïra «заттар үйіндісі, ау, тор, абдыра»,  үшінші бағыты op, ob, obu  «обақ, томпаю, шошақ, үю» , төртіншісі  eb, ew, ev, ui  «күрке, қос, үй, баспана» деген мағыналы тұлғалар. Ежелгі көшпелілерде «шатыр, алаша» типтес баспана болғандығы, одан  керегелі шаңырақты киіз үйге жеткендігі  ұзақ  уақытты қамтыған. Сөйтіп  киіз үйдің  ілкі тұрпаты  ұзын ағаштарды шаншып ұштарын біріктіре байлап   оның  үстіне тері , жүнмен жабу жабқан күрке, қос іспетті болды. Одан кейінгі сатыларда сол ұзын ағаштарды иіп матап сопақтау пішінді жасау, кеңістігін кеңейту  үрдісі етек жайды.  Сонда бұл атау өте ежелгі дәуірлерден бері жалғасып келген. Қазіргі моңғол тілдерінде   киіз үй деген мағыналы  ger //ker  >гэр  тұлғалы атаулар  кездеседі. Бұл қазіргі қазақ тіліндегі «кереге» атауымен төркіндес түбірлес атау.    

Көне түрк дәуірінде киіз үйдің шаңырағы биік сопақтау келген, түндігі соның пішімімен «мойын» іспетті жасалынған болуы керек.

TRUJ- Yurt>йұрт. «Жұрт». Көне түрктерде ауыл-аймақ болып қоныстанып жүрген мекендерді осылай атаған.

Түрктердің  арбалары


Tegrek> тегрек. Терек < Terеk // Tegrek.  «Доңғалақты арба». Көне түрк тілінде tegrek> тегрек «арба», tegre > тегре – «айнала, айналу, дөңгелену», tegire > тегіре – «дөңгелек, домалақ, арба доғалағы»,  tegirmen> тегірмен  – дөңгелекті диірмен. Бұл атау көне моңғол тілінде  terіge // terіgen > тэргэн //тэрэг «арба, дөңгелекті күйме арба» тұлғасында сақталынған, ал қазіргі қазақ тілінде  «терек (ағаш)», «терте //тәрте»   және т.б. сөздерді аталмыш көне атаулардың сарқыншақтары, төркіндес сөздер  деп атауға әбден болады. 

Терек < Terеk. Көне түрк топоним. «Терек//Терік» атаулы өзен қазіргі Моңғолияда (моңғолша «Тэрх» деп аталатын) әлі күнге дейін сақталынған.

Qasaq> // (qazγaq>) қазақ.   Ортағасырларды көшпелілерде арба, биік арба, күйме арба секілді  екі, төрт дөңгелекті өгіз, жылқы, түйеге жеккен алуан түрлі арбалардың болғандығы жайында (Плано Карпини, Г.Рубрук және т.б.) саяхатшылардың еңбектерінде  мол деректер жазылған. Осыған мәселелерге байланысты «қазақ» атауының түп-төркінін qas+aq> // (qaz+γaq?>) каз+ах деген құрамында болса керек. Оның семантикасы «арбалы көшпелілер» дегенге саяды.  Қазақ сөзінің төркіні  жайында көптеген болжамдар, пікірлер бар.  Қазірге дейін белгілі болған VII-IX ғасырлардың  көне түрк тілді ескерткіштерінде  «қазақ», «алаш» деген сөздер кездеспейді.  Демек бұл атаулар  одан кейінгі заманда пайда болды деген сөз. Ескі моңғол жазба деректерінде, мысалы XIII ғасырдың туындысы «Моңғолдың құпия шежіресінде»  «қасақ терген» -  темір құрсаулы  үлкен арба (қазақ күймесі?) деген мағыналы атау кездеседі. Біздің пікірімізше  «қаз+ақ» сөзінің түп-төркіні осында болуы ықтимал. Көшпелілерде  киіз тиеген  үлкен арбалар болды.   Көне түрк дәуірінде «теле» деген этноним де осы атаудың « киіз үйлі арба» дегеннің байырғы нұсқасы. Басқаша айтқанда «терген, терме, терим, терме алаша, терте»   деген  қазіргі түрк тілдерінгі сөздер төркіндес, мағынасы желілес деген сөз.  Сонымен қоса «қаңлы», «қыпшақ» деген атаулар да  «киіз үйлі арбалы» деген сөздер. 

Қазіргі қазақ тілінде «дөңгелек, домалақ, шеңбер, арба, дөңгелекті арба, шығыршықты арба » деген ортақ семантикалы qas- // qaz- түбір морфемадан  «қасаға, қасаба, қазан, қазық, қосақ, құдық, қасық» жән т,б, сөздер сақталынған.  Қазақ сөзінің ілкі нұсқасы  «қас» деген сөз. Ол ағаштан жасалынған дөңгелекті байланыстырып тұратын төрт ағаштың атауы. «Қас таңба»  деп те соны атайды.  Бұған ұқсас ортақ мағыналы қасаға -  «арба доңғалығының темірі»,  «қас» ( ердің алдыңғы және артық басы, арба дөңгелегінің темір құрсаулары),   «қаз+ан» (киіз үйдің темір  қазаны) (qasγaq // qazγan > // qazaq> қазақ), «қос+ақ» (өгізді қосақтап жегіген «күрке» үйлі арба),  «қаз+ық» (ат және т.б. байлайтын қазық)  деген сөздер де байланысты болмақ. Демек қазақ  деп біз  киіз үй артқан арбаларымызды  атағанбыз. Сондықтан болар өзге  көрші жұрттың барлығы бізді  «қазақтар»  яғни «киіз үйлі арбалықтар»  деп атады. Біз де өзімізді солай атадық. 

Alaš> Алаш. Бұл сөз   «қазақ» сөзімен қатар айтылады, оның мағынасы да «жылқы». Сонымен «Алаш» дегеніміз киіз үйлі арбаның бір түрінің атауы, жылқыға жеккен арба болуы ықтимал. Сол себептен  киіз үйлі арбалы көшпелі түрк тектес этностар бір шаңырақтың астына бірігіп «қазақ, алаш»  болды.

Мәтін

Түрктердің  киіз үйлері мен арбалары туралы қытай әулеттік жылнамаларындағы деректер

Табғаш-қытайлықтар үшін күллі көшпелілерді киіз үйін тігіп жүрген арбалылар деп,  әсіресе қытай әулеттік деректерінде көшпелі түрктерді жалпылама  «гаочэ, гаогюй, гаоцзюй» - «биік арбалылар», теле, тили, дили - «арбалылар» деген.

Мысалы: «Суйшу» («Туцзюэ баяны»): «Күмбез тәрізді киіз үйлерде тұрады...»,«Чжоушу» («Туцзюэ баяны»):  «...киіз үй тұрады», «Синь Тан шу» («Туцзюэ баяны»):  «...Сели (қаған) там үйде тұрмай, бастан-аяқ киіз үй тігіп отырды..» деп кездеседі.

«Вэйшу» («Гаочэ» баяны), «Олар биік арбаларына отырып, тұнық су, шүйгін шөпті қуып көшіп-қонып, малын өсіреді .... ».

   «Теле//чили».  Қытайша жалпылама «этноним» атауы.  Көне түрк арба атауы. Көне түрк тілінде атқа, өгізге, түйеге жегіп жүретін  киіз үйлі ағаш арбаның бір атауы.  Қытай деректерінде көшпелі түрктерді «теле, чиле, тили, дили» деп атаған, оның мағынасы  «арбалылар» деген сөз екен. Көне түрк дәуірінде  киіз үйлі (eb> еб//үй//) биік дөңгелекті арба  tegrek //tergeк кеңінен қолданылды. Бұл  дәстүр тіпті XV ғасырларға дейін жалғасып сабақтасты деп айтуға толық негіз бар. Сөйтіп біз көрші елдердің жазбаларындағы «этноним» ретінде қолданған атаулардан түрктердің салт-дәстүрлерінің бір қырын, ат көлікпен жол жүру,  тасымалдау құралдарын  айқындап отырмыз.

Қытайлықтар көшпелі түрктердің ондаған ру-тайпалар мен қалың этноним атауларын емес, жалпы олардың ерекше ат-көлікті арбамен жүретін қасиетіне  назар аударып осылайша  «арбалылар» деп жалпылама «теле, дили, чили»  атағаны хақ.

«Гаочэ, гаогюй». Қытайша жалпылама «этноним» атауы. Ортағасырлық (IX-Xғғ.) қытай деректерінде көшпелілерді әсіресе, көне түрктерді, ұйғырларды  «гаочэ, гаогюй, гаоцзюй» - «биік арбалылар» деп атаған болатын.

Қытайлықтардың «Вэйшу» ( «Гаочэ баяны») жылнамасында былай делінген : « Гаочэлэр (гаугюйлэр)- ежелгі чидилердің (көшпелілердің) ұрпақтары, олардың әуелгі атауы «дили» болған. Солтүстікте оларды «чилэ» деп атаса, сялар (сяньбилер) оларды «гаочэ динлиндэр» деп атаған.  Олардың ди , юаньхэ,  хулюй, сепи, хугу, ицицзинь  сияқты  тайпалары бар. Олар су мен шөптің жағдайына қарай көшіп-қонып жүреді, теріден киім киеді, етпен қоректенеді. Сиыр, қой сияқты мал түрі жужулардікімен бірдей, тек арбаларының дөңгелегі биік және дөңгелек шабақтары да өте көп болады». Кейбір зерттеушілер көне түркше «қаңлы» дегенді қытайлықтар «гаочэ» деп те атаған  болса керек  дейді.

«Динлин». Қытайша жалпылама «этноним» атауы. «Биік дөңгелек арбалылар» деген мәнде қолданылған, «динлин, тинлин,  гаочэ динлин» деп хатталған. Сөйтіп,  аталмыш арбалы киіз үйімен көшу-қону тарихи дәстүр тіпті, XV ғасырға дейін жалғасып сабақтасты деп айтуға болады.

Жазира Айтбанова12 Қараша, 2020

Руханижангыру гаарналган. Урпакка. аманат

Пікір қалдыру