Отырар

Жалпы мәлімет

Oturar>  Отырар. Оңтүстік Қазақстан облысы, Темір елді-мекенінен солтүстік-батысқа қарай 10 км жердегі көне қаланың орны «Отырартөбе».  Араб деректерінде VIII ғ. «Тарбанд, Фараб»  деген атаумен кездеседі.  Отырар IX-ХIII ғасырларда сауда жол торабындағы маңызды қалалардың бірі болды (Археология Казахстана, 2006.193-205) . Кейбір зерттеушілер осы Отырар,  көне түрік бітіктасы мәтіндегі  NmRTuyK- Keŋü Tarman > Кеңү Тарман  (Тарбанд, Дербент) (Түркістан. Халықаралық энциклопедия, 2000. 524-525), кейбіреулері Сырдарияның төменгі бойындағы Қаңғар аумағы (Тугушева, 2008. 42) дейді.  

Пікір қалдыру