Шашты билеуші тегіндердің тиындары

Жалпы мәлімет

Көне түрк тілінде tegin> тегін атауы жайлы сөз ету керек. Тегіндер қаған әулетінің ұлдары, тақ мұрагерлері. Көне түркше teg+in > «текті ұрпақ, тегі мықты адам» деген мағына білдіреді.  Қаған тағына әулеттің ішінен ең мықты тұңғыш ұлы /oγul/  немесе іні туыстары  /ini, jigen, čїqan / отырған. Көне түрк бітіктастарда   Kültegin> Күлтегін,  Yoluγtegin> Йолұғтегін, Ozmïš tegin > Озмыш тегін, El Čur  tegin> Ел чұр тегін , Toŋra tegin> Тонра тегін   деп кездеседі.  Бұл тегіндердің барлығы қаған әулетінен. Тегіндер қағанның заңды мұрагері ретінде йабғұ, шадтармен бірге жорыққа қатысу, әскери-саяси әрекеттерге тікелей араласқан  және басқа  істерді атқарған.  Көне моңғол тілінде  čigin > чигин //жигин тұлғасында сақталынған, Börü+tegin > Böritіgin > Boržiγin Бөрітегін > Боржығын /Боржигин/  деп кездеседі. Әйгілі Шыңғыс қағанның арғы аталарының аты да  Қыйат Бөрітегін > Қият Боржығын тегіндермен байланысты аталған. 

Шаш – атауы  байырғы парсы-араб тіліндегі  čač //šaš > «тас» деген мағыналы сөзден келген дейді зерттеушілер. Сол себептен де қазіргі Таш+кент  атауы

Қытай жазбаларында «Шаш мемлекеттінің аумағы 1000 астам ли (1 ли-0,5м) келеді. Батысы Яхсарт (Сейхун//Сырдария) дариясымен шектеседі. Жер суы мен байлығы, ауа райы  Нужабахкенд (Шымкент?) елімен ұқсас. Елде ондаған қала бар. Олардың әрбірінің өз алдына жеке билеушісі бар, алайда оларға ортақ елбасы жоқ, барлығы түгел түрктерге бағынады» дейді (ӘТЖ-1.26).

Шашты билеуші тегіндердің тиындарындағы көне соғды мәтіндерін Өзбекстандық  зерттеушілер Э.В.Ртвеладзе, Г.Бабаяров мына түрлерінде оқыған еді [Бабаяров, 2007.45, Ртвеладзе, 2006.].

 Zhn pny  t’kyn c’cynk γwβw - «Бұл тиын Шаш билеушісі Тегіндікі»

yncw ‘yrtkyn  γwβw- «Йенчу Ел тегін билеуші»

c’cynk γwβw - « Шаш билеушісі»

γwβw t’kyn –«Билеуші тегін ».


Шашты билеуші  тегін тиындарында көбінесе:

Av:  Үш ұзын бұрымды  адамның  бейнесі.

Rv: орта тұсында қошқар мүйіз іспетті таңба  және жиегінде сызықша  оюлар мен көне соғды мәтін өрнектелінгендері кездеседі.

Пікір қалдыру