Орталық Азия тасмүсін бәдіздердің зерттелу тарихнамасы

Ғылыми зерттеулер


Еуразия оның ішінде  Орталық Азиядағы бәдіздердің зерттелуін қысқаша мынадай екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші сипаттамалық кезең:  бұл кезеңдерде саяхатшылар, зерттеушілер Орталық Азияда кездесетін бәдіздері жайында жалпы сипаттамаларды жасады. Сондай-ақ  шығыс, батыс тілді жылнамалық белгілеулерде  бәдіздер турасында қысқаша мағлұматтар кездеседі, олар жайында аз  да болса  хатталды. 

Махмұд Қашғаридың «Диуани-лугат-ат Түрк» («Түрк тілдерінің жазбасы»)   сөздігінде (1040 ж.)  bediz burqan >  ескерткіш, «бурхан»  бәдізі,  bedizlig ev >  әсемделінген үй  тұлғасында  аталмыш сөз кездеседі  [Mahmud Kasgari-I, 1985, 436, 507-б.]. Демек,  көне түрктердің   бәдіз  деген атауы XI  ғасырларда да қолданыста болғандығы анық.  Алайда,  кейбір ғалымдар «бәдіз» сөзінің ортағасырлық семантикасына  ден қойып,  осы атауды «әсемдеу, нақыштау, көркемдеу»  деген мағыналы сөз деп қысқа қайырып, түсіндіріп келген  еді [ДТС, 90-б.]. 

     Қытайдың «Суй-шу», «Чжоу-шу» сияқты әулеттік  жылнамаларында көне түрктердің ғұрыптық кешендері жайында: «... қайтыс болған адам тірі кезінде қаншама адам өлтірген  болса, сонша тасты қабір басына тұрғызады»  деп бәдіз бен тас тізбектер балбалдың этномәдени жөн-жосығын шатастырып та жіберген тұстары бар. Жалпы,  қытайдың осы сияқты жазбаларында көшпелілерге, түрктерге байланысты олардың салт-дәстүрлері жайында  екіұшты, күдікті, тіптен қасақана мәліметтер  өте мол кездесетіні ескергеніміз абзал. Мұнда балбалды «өлтірген жауының белгісі» деген қате сипаттамасы,  көптеген ғалымдардың алға тартатын байламдары болды, тіпті  біршама уақытқа дейін даулы тақырыпқа да айналып, өрескел ұстаным болып  кетті. Ал,  «Син тан-шу» деген жинақта Күлтегінге арнап бәдіз жасатқаны туралы анық былай делінген: «...Кайюань жыл­на­ма­сы­ның 19-жы­лы (731 ж.) Цюете­лэ (Күлтегін) өлдi. Пат­ша көңiл ай­ту үшiн әскери қолбасшы Чжан Цюй-и мен шенеунік Люй Сян­ды өзi­нiң мөрi ба­сылған хаты­мен бiр­ге [туц­зюе­лер­ге яғни түрктерге] жi­бер­дi. Сон­дай-ақ, пат­ша өз қолы­мен  Цюете­лэ­нiң құлпытасы­на көңіл айту ар­нау сөз жа­зып, оған арналған ке­се­не  мен тасмүсiн тұрғыздырып, ма­зар­ды қор­шаған төрт қабырғаға [Цюете­лэ­нiң тi­рi ке­зiн­де қатысқан] әске­ри шайқас­тар­ды бей­не­лейтiн сурет­тер­дi салғыз­ды. Ол сурет­тер­дi патша­ның бұйрығы бойын­ша 6 асқан ше­бер ба­рып‚ тәптiш­теп жа­саған. Туц­зюе­лер­дiң айтуын­ша, мұндай сурет­тер ел­де­рiн­де бұрын-соңды бо­лып көрме­ген екен. Моц­зи­лянь (Білге қаған) осы сурет­тер­дi көрген сай­ын қайғырып өкси­тiн бол­ды...» [Бичурин, 1982, 234-б.;  ҚТ, 2006, 193-б.]. 

            Әйгілі саяхатшы Гильом Де Рубрук  (1254 ж.) өзінің жол белгілеулерінде  « ...Командар (қыпшақтар) қорғанның қасына үлкен топырақ үйіп, қайтыс болған адамның құрметіне кіндік тұсында қолымен ыдыс ұстаған  тас мүсінді шығысқа қаратып орнатады. Бай адам өлген болса, пирамида секілді шошақ құрылыс салады..» дейді  [Плано Карпини, 1957,  102-103-бб. ]. Алайда, ол өзі жүріп өткен Еуразия даласының  дәл қай аумақтағы бәдізді атағандығын анық жазбағанымен, бұл  жерде Дешти Қыпшақ даласының  бәдіздері сөз болса керек деп топшалаймыз.  

Патшалық Ресейдің саяхатшылары тас «бабы»  ( «каменные бабы»

Қазіргі Моңғолиядағы көне түрк бәдіздері туралы  алғашқы мәліметтерді орыстың саяхатшы ғалымы  П.Н. Потанин  жариялады. Ол 1878 ж.   Алтай тауы мен солтүстік батыс Моңғолияда зерттеу жүргізген кезінде біршама бәдіздерді («Даян батыр», «Мөнгөт хясаа» және т.б.) анықтайды. Олардың ішінде бір қызықтысы «Даян батыр» ғұрыптық кешеніндегі бәдіз [Потанин, 1881, 72-б.]. Ол, осы бәдіздің кеуде тұсындағы тұмар болған құс бейнесін христиан дінінің крест белгісінің тұмары деп қате пікір  айтады [ Сэр-Оджав, 1977. 134-137-бб.].   

Ал, Орхон ескерткіштерін әлемге танытқан алғашқы еңбек 1889 жылы Орыс патшалығы география қоғамының  шығыс Сiбiр бөлiмшесiнен аттанған Н.М. Ядринцев басқарған экспедиция тобының ізденісі нәтижесінде жарияланды [Ядринцев, 1892, вып.1, 51-113-бб.]. Экспедиция  Орхон өзенi бойындағы Күлтегiн, Бiлге қаған ғұрыптық кешендерін,  Қарақорым, Қарабалғасұн (Орду-балық) қала орындарын зерттеп, соның негізінде топтың ғылыми басшысы Н.М.Ядринцев «Сібір және Моңғолиядағы тасмүсіндер» деген тақырыпта  баяндама жасады [Ядринцев, 1890. 159-160-бб.].

            Бұдан кейін 1890 жылы фин ғалымы А. Хейкел жетекшілік еткен [Inscriptions de l’Orkhon, 1892], 1891 жылы Орыс патшалық ғылым академиясының танымал түркологы В.В. Радлов басқарған экспедициялар Орхон, Тамыр, Туыл, Селеңгi өзендерi бойындағы ғұрыптық кешендерді, түрiк бiтiктастары мен ескерткiштердi зерттеп, бiрен-саран қазбалар жүргiзді. Экспедиция қорытындылары, оның ішінде бітіктастар мен ескерткiштердiң қағаз көшiрмелерi (эстампаж) және  бәдіздердің фотосуреттерi мен сызбалары баспадан жарық көрді [Радлов, Вып-1, 2, 3, 4, 1892-1893].

            Н.М. Ядринцев   1891 ж. «Онгийн»  ғұрыптық кешенiн, Е.Н. Клеменц  1897 ж. Тоңықұқ (Тоньюкук) ғұрыптық кешенін алғаш рет тауып, бүкіл әлемге жария етті [Клеменц, 1895,  48-59-бб.].  

Сол кездерде аталмыш ғұрыптық кешендерінде бәдіздер көптеп сақталынған еді.  И.Г. Гранэ 1906-1909 жылдары Моңғолия жерінде жүргізген зерттеулері барысында «Тоглохын тал» ғұрыптық кешенін толыққанды зерттеп, оны алғашқы болып жариялады [Granö, 1910. XX,XXI]. Фин-угор ғылыми қоғамының Г.И. Рамстедт, С. Пялси  басқарған экспедициясы 1909 ж.  Моңғолия территориясындағы көптеген ғұрыптық кешендерді зерттеуде елеулі  еңбек сіңірді  [Ramstedt, 1978], әсіресе олардың «Ноен тал» ғұрыптық кешеніндегі екі бәдізді анықтағандарын баса атап өтуге болады. И. Кастанье болса, ресейлік бұрыңғы зерттеулерді  жалпы қамтып, тарихнамалық тұрғыдан маңыздылығы жоғары көлемді еңбек жазды [Кастанье, 1910,  303-332 бб. Табл. XI-XXI].   

Сонымен қатар, 1912 ж.  поляк ғалымы В. Л. Котвич Күлi-Чұр ғұрыптық кешенін анықтады, сонымен қоса аталмыш кешеннің бәдіздері жайында  жалпы сипаттама жасады.  Ал,  1923-1950 жылдары орыс ғалымдары  П.К Козлов,  В.А. Казакевич, Б.Я. Владимирцов, Б.Б. Бамбаев, Д.Д. Букинич, Г.И. Боровка, К.В. Вяткина, Л.А. Евтюхова және т.б. зерттеушілер  көне түрк дәуіріне жататын ғұрыптық кешендер мен бәдіз ескерткіштерді  іздестіру, анықтау мен зерттеуге байланысты  жұмыстарды қолға алды [Баяр, 1997, 10-16-бб.].  

Екінші кезең  археологиялық тұрғыдан  арнайы зерттеулер  жүргізіліп,  бәдізтану ғылыми саласының қалыптасу кезеңі

Көне түрк бәдіздерінің алғашқы ғылыми негізді сипаттамаларын жасаған зерттеушілердің  бірі – совет ғалымы Л.А. Евтюхова болды. Ол 1952 ж. «Оңтүстік Сібір және Моңғолиядағы тасмүсіндер» деген көлемді ғылыми мақаласында Оңтүстік Сібір (Алтай, Хакасия, Тува) және Моңғолиядағы  көне түрк бәдіздерін жалпы жинақтап қарастыра келе, 92 бәдіздің сипаттамаларын жасап, оларды  археологиялық материалдарымен салыстырмалы түрде зерттеді, бәдіздердің құрамдас бөліктерін кесте бойынша талдады. Зерттеуші бәдіздерді қарапайым  пішінді (түрегеліп тұрған) және көлемді  пішінді  (отырған және  түрегеліп тұрған) деген жалпы екі топқа бөліп қарастырып,  олардың VII-IX ғасырлармен мерзімделетін белгілі бір ғұрыптық кешендерге қатыстылығын, бәдіздер өлген тұлғаға арналған, балбалдар болса  өлтірген жауының белгісі дегенді  айтады  [Евтюхова, 1952. 71-120-бб.]. 

Совет ғалымы С.В. Киселев  Оңтүстік Сібірдегі  көне түрк бәдіздерін  екі ұқсас типке бөліп , бірін жалпақ пішіді,  екіншісі домалақ пішінді деп топтастырды  [Киселев, 1949, 273-362-бб.]. 

Қазіргі Тува Республикасындағы (РФ) көне түрк бәдіздері туралы арнайы зерттеулер жүргізген ленинград ғалымы А.Д. Грач болды. Ғалым аталған өңірдегі қорғаны бар бәдіздерді  VII-VIII ғасырлармен және арнайы қорғансыз бәдіздерді VIIII-IX (X) ғасырлармен мерзімдеп топтастыра келе, қосымша қорғансыз бәдіздер ұйғыр қағандығы кезеңіне  жатады деген ұсыныс айтқан болатын. Сонымен қатар, ол бәдіздердің жалпы қашалған пішініне байланысты 58 бәдізді зерттеп,  оларды екі  типке бөледі.  Белдікті толық бейнелі бәдіздерді I  типке, адамның басы немесе беті қашалған бәдіздерді II типке  топтастырады. Сондай-ақ,  отырған бейнелі бәдіздерді ерекше бітімді деп есептейді [Грач, 1961, 54-б.].    

Мәскеу ғалымы Л.Р. Кызласов  Тувадағы бәдіздерді VIII- XI ғғ. тиесілі деп мерзімдеп, оларды қорғандардың құрамдас бөлігі ретінде топтастырып қарастырады. Оның пікірінше, ұйғыр дәуірі бәдіздерінің бір ерекшелігі  олардың екі қолымен ыдыс ұстағандығында дейді.  Л.Р. Кызласов Тувадағы қорғандарды жүйелей келіп, бәдіздермен байланыстыра мынадай бес түрге жіктеп қарастырады: 1) қосымша  құрылымсыз қорған; 2) шығыс тарапында бәдізі бар тік тақталы немесе үйінділі қорған; 3) тік тақтаға антропоморфтық бейне қашаған қорған; 4) шығыс тарапында адам бейнелі бәдіз орнатылған қорған; 5) шығыс тарапында  адам бейнелі бәдіз қойылған тік тақталы қорған [Кызласов, 1964, 27-39; 1979,121-134-бб.]

 Совет ғалымы Я. А. Шер  Жетісу және оған жақын өңірлерден 145 бәдізді зерттеп, оларды төмендегідей 6 топқа бөліп қарастырды: 1) ер бейнелі, оң қолында ыдыс ұстаған, қару жарағы бар белдікті бәдіз; 2) ер бейнелі немесе  жынысы анық емес, оң қолында ыдыс ұстаған, қару жарағы жоқ бәдіз; 3) адамның басын немесе бетін бейнелеген бәдіз; 4) қолында құс ұстаған бәдіз; 5)  ер бейнелі екі қолымен ыдыс ұстаған бәдіз; 6) әйел бейнелі  екі қолымен ыдыс ұстаған бәдіз [Шер,1966, 25-26-бб.]. Я.А.Шер статискалық-комбинаторлық әдіс қолданып, бәдіздердегі ыдыс түрлері мен қас, саусақ, қол пішіндерін негіздеп  екі ірі типті бәдіздер кездеседі деген қорытынды жасайды. Оның пікірінше  I типке – жоғарыда келтірілген 1- 4 топтың бәдіздері (VI-VIIIғғ.) жатқызылады. Мұнда қайтыс болған адамның бейнесі мен ғұрыптық жосын-жоралғыға арналған бұйымдар бейнеленеді. 1-2 топ бәдіздері көбінесе қорғандардың шығысында балбалдармен бірге орнатылады. II типке  5-6   топтағы бәдіздер жатады (VI-XIIғғ.) және олар белгілі тұлғаларға, киелі аруақтарға арналған. Сонымен қатар,  А.Шер,  осы типті бәдіздердің  ұйғыр этносаяси бірлестігі және қыпшақ (половец) бәдіздерімен шығу тегі жағынан байланыстылығы бар екендігін айта келе, көне түрк бәдіздерінде ортазиялық (соғды) өнерінің көркем қолданыстары байқалатынын, әсіресе батыс түрктерде бұл құбылыстың көптеп кездесетіндігін атап өтеді.   

Қазақ ғалымы Ә. Марғұлан  Орталық Қазақстанның бәдіздерін зерттеп, олар көне түрктер мен қарлұқ, қимақ, қыпшақтарға қатысты деп, бәдіздерді негізінен 2 топқа бөліп  қарастырды. Ол, Орталық Қазасқтандағы бәдіздер жайында былай дейді: « ...бірінші дәуірдегі мүсіндер (VI-VIII ғғ.) төрт бұрыш шабақ тас қасында тас бағаналар (балбалдар) тізбегімен қосылып, белгілі бір топ жасайды. Олар негізінде тарихи дәуірлерде болған ұлы оқиғаны көрсетіп, сол оқиға үстінде қол бастаған ерлерді, ел қорғаған алыптарды еске түсіру ісіне арналған. Екініш дәуірдің мүсіндерінде (IX –XIV ғғ.) бұрыңғы мүсіндерде кездесетін белгілердің көпшілігі жоқ. Соғысқа байланысты қарулар (қылыш, баған тізбегі) мүлде болмайды. Оның есесіне бұл дәуірдің мүсіндерінде  күнделікті тұрмыс пен шаруашылықтың көріністері елеулі орын алады» [Маргулан, 2003. 35-б.]. 

Зерттеуші В.Д. Кубарев Ресей Алтайындағы бәдізбен байланысы бар 26 қорғанға қазба жүргізгендігін тілге тиек ете келіп, 256 бәдіздің ғылыми сипаттамаларын жасап, оларды иконографиялық тұрғыдан мынадай негізгі 4 топқа бөліп қарастырады: 1) оң қолында ыдыс ұстаған, белдік пен қару-жарақ асынған бәдіз -56 дана; 2) оң қолында ыдыс ұстаған, қару-жарақсыз бәдіз – 42 дана; 3) екі қолымен ыдыс ұстаған бәдіз – 4 дана; 4) адамның басы тұсын немесе бет әлпетін суреттеген бәдіз - 135 дана. Оның зерттеуі бойынша көне түрк ғұрыптық кешен яғни ғұрыптық қорғандар бәдіздермен тығыз байланысты болып табылады және қорғандарды  5  түрлі топқа бөліп қарастырған. Олар: 1) кудиргелік (көп қорғанды), 2) яконурлық (антропоморфтық ұстын немесе бәдізді қорған), 3) юстыдтық (бір ғана қорған), 4) уландырлық (қорғанның орта тұсында ескерткіш тасты), 5)  аюталық (тас үйінділі және шұңқырлы).

В.Д. Кубарев Ресей Алтайындағы көне түрк ғұрыптық кешендерінде ағаштан жасалынған үй іспетті құрылыс салынған, оның ортасында ұзын ағаш діңгек орнатылды, ал, қорғаннан шығысқа тізбектелінген балбалдар ғұрыптық жосынға қатысқан адамдардың ат байлайтын тастары,  ал бәдіздерді ғұрыптық жосыннан кейін  әдейі  бұзып тастаған деп  есептейді [Кубарев, 1984, 20-21, 45-46-бб.].    

А.А. Чариков Қазақстандағы әсіресе, Шығыс және Оңтүстік  Қазақстан, Жетісу өңірлеріндегі көне түрк, қыпшақ дәуірінің  ғұрыптық кешендеріндегі бәдіздерді зерттеуде біршама жұмыстар атқарды. Зерттеуші оларды  I. Көне түрк (VI-IX ғғ.), II. Қыпшақ («половец») (IX-XIII ғғ.), III. «Ұстын іспетті» (  XII-XIII ғғ.) деп иконографикалық тұрғыдан үшке бөліп топтастырады [Чариков, 1976, 1979, 1980, 1986, 1989, 1991]  

    Л.Н. Ермоленко  Қазақстан мен Орта Азиядағы 526 бәдіздерді 2 үлкен топқа бөліп қарастырған. Онда:

Бірініш топ. Көне түрк бейнелі бәдіздер (VI/VII-VIII/IX ғғ.) .

1.1 тип. Отырыс-тұрысы анық  бәдіздер - 192 дана (қолында ыдысты, қару-жарақты және қару-жарақсыз ); 

1.2 тип.Отырыс-тұрысы анық емес бәдіздер - 56 дана (кеуде тұсы суреттелген)

Екінші  топ. Кыпшақ бейнелі бәдіздер (IX-XIII ғғ.).

2.1 тип. Отырыс-тұрысы анық бәдіздер- 115 дана (қарын тұсында екі қолымен ыдыс ұстаған );

2.2  тип. Отырыс-тұрысы анық емес бәдіздер - 81 дана (кеуде тұсы суреттелген). Бұлардан басқа 40 бәдіздің типтерін анықтау мүмкін болмаған. Зерттеуші бәдіздерді көне түрк әскери бекзадалары идеологиясының қалыптасуындағы ғұрыптық жосын-жоралғылары тұрғысынан  «қорған-бәдіз-балбал» деген құрамдас бөліктерімен тұтас алып қарастыру қажет, бұл түрктердің дүниетанымдық негізгі ерекшелігі болды деп есептейді [Ермоленко, 2004,  16-17, 68-69-бб.].

      А.М. Досымбаева Қазақстанның Жетісу өңіріндегі Мерке мен Жайсандағы көне түрк ғұрыптық кешендеріне арнайы  зерттеулер жүргізіп, 64 бәдізді анықтап (оның 31-і  әйел бейнелі бәдіз), олардың ғылыми сипаттамаларын жасады. Сонымен бірге, ғұрыптық кешендерде ер мен әйел бәдіздері қос-қостан қойылғандығын, қорғандары негізінен тас үйіндіден тұрғызылғандығын айқындады  [Досымбаева, 2002 ]. 

Жоғарыда аталған зерттеулерде Орталық Азиядағы көне түрк бәдіздеріне байланысты басты-басты мәселелер қарастырылған. Түптеп келгенде, олар көне түрк бәдізтану саласын дамытуға   өзіндік  үлес қосқан еңбектер  болып табылады.  

             Моңғолиядағы көне түрк бәдіздердің зерттелуі жайында мынаны айтуға болады. Қазіргі Моңғолия жеріндегі көне түрк мәдени кешендерін ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1950 жылдан бастап моңғол ғалымдары да ат салыса бастады. Сөйтіп,   1956 ж.  моңғол археологы  Ц. Доржсүрэн Татпар қаған  («Бугат») ғұрыптық кешенін, «Тариат» бітіктасын  тапты. 1957 ж. Н.Сэр-Оджав басқарған экспедициясы Тоңықұқ  ғұрыптық  кешенінде алғаш рет қазба жүргізген болатын. 

  Жалпы,  Моңғолияда шоғырланған көне түрк бәдіздерін анықтап, зерттеуде Ц.Доржсүрэн,  Х.Пэрлээ, Д.Наваан, Н. Сэр-Оджав, Л.Йисл, Д.Цэвээндорж, И.Эрдели, В.В.Волков, Э.А. Новгородова, Э.Трыярский,  Д.Баяр, Ю.С. Худяков, В.Е. Войтов, Г.Мэнэс, С.Кляшторный, Д. Эрдэнэбаатар, Т.Хаяши, Ц.Төрбат, З.Батсайхан, Ч.Амартүвшин  және т.б. зерттеушілер  бірсыпыра жұмыстарды атқарды.  

Н. Сэр-Оджав, Л. Ийсл бастаған  Моңғолия-Чехословакия бiрлескен археологиялық экспедициясы 1958 ж. Күлтегін  ғұрыптық кешенінде археологиялық қазба жұмыстарын алғаш рет жүргiзді. Қазба барысында Күлтегін кесенесінің орта тұсынан оның мәрмәр басмүсіні мен әйел адамның беті тұсының бөліктері табылды [Сэр-Оджав, 1958, 8-б. ].   

Н. Сэр-Оджав  қазіргі Моңғолияның  Сүхбаатар, Дорнод, Төв, Сэлэнгэ, Булган, Хөвсгөл, Увс, Завхан, Ховд, Баян-Өлгий, Баянхонгор, Өвөрхангай аймақтарындағы 60 бәдіздің жалпы сипаттамаларын жасап, оларды VII-IX ғасырлармен мерзімдеді. Зерттеуші Моңғолиядағы бәдіздердің, әсіресе, орталық аймақтардағы бәдіздердің бастарының  болмау себебін буддизмнің «сары» діни ағымының  (моңғолша «шарын шашин») ықпалымен байланыстырады. Оның бірден-бір айғағы ретінде XVI ғасырда орталық аймақта, нақтырақ айтқанда,  Орхон өзені бойында діни орталық ретінде  «Эрдэнэ-зуу»  монастрының салынуын алға тартады.  Сол себептен  бәдіздердің басын қиратып құрту істерін  моңғолдардың Тәңірлік нанымдарын жою үшін  ламаистік  діни өкілдері жасаған деп есептейді [Сэр-Оджав, 1970, 49-54-бб.].

Ламаизм діни жазбаларында даладағы бәдіздерді жойды делінген деректер кездеспейді,  керісінше ламалар халықты дінге кіргізудің алуан түрлі әдіс тәсілдерін қолданып, тіпті байырғы наным-сенімдердің кейбір жақтарын ұтымды пайдаланған, әсіресе, моңғол халқы ежелден сый құрмет көрсетіп, табынып келген   тау-тас, биік төбе, бәдіздерді  діни уағыздауға пайдаланған деген деректер бар.  Мысалы, Өвөрхангай аймағы Уянга сұмыны «Цагаан уушхай» деген жердегі ғұрыптық кешен мен бәдіздің жанында монастыр салып, ол бәдізді лама секілді киіндіріп,  діни сутра-кітап,  дұға оқып,  сый көрсетіп келген деген айғақтар кездеседі [Баяр,1997. 23-б.]. 

       Совет-Моңғолия тарихи-мәдени экспедициясы (СМИКЭ) 1960-1989 жылдары  Моңғолия жеріндегі  көне түрк ғұрыптық кешендердің бірсыпырасын зерттеді.  Осы зерттеулер барысында көптеген бәдіздер жаңадан анықталды [Войтов и др. 1977, Худяков, 1985].

Сол кезде Орталық  Моңғолиядағы көне түрктердің  130 бәдізіне  (бұдан 51 данасы Туыл өзені аңғарында, 30 данасы Орхон өзені аңғарында),  Моңғол Алтайдағы (Баян-Өлгий аймағындағы) 90 бәдізіне ғылыми сипаттама жасалды [Баяр, 1997; Баяр, Эрдэнбаатар, 1999].  Д. Баяр  Орталық Моңғолия  жеріндегі көне түрк бәдіздерін өзен сулардың алқабы бойынша қарастырған, онда  Туыл өзені бойынша  10 жерде 51 бәдіз, Орхон өзені бойынша 11 жерде 30 бәдіз, Онгийн өзені бойынша 6 жерде 17 бәдіз, Ханұй, Күнүй өзені бойынша 4 жерде 13 бәдіз, тамыр өзені бойынша 3 жерде 6 бәдіз, Керлен өзені бойынша 3 жерде 4 бәдіз, Тэрх өзені бойынша 2 жерде 4 бәдіз,  Түйін өзені бойынша  3 жерде 5 бәдіз бар екенін тіркеген.

Моңғолиядағы  көне түрк ғұрыптық кешендеріндегі бәдіздердің сан жағы әр түрлі. Атап айтқанда  «Өнгөтте» 28 (30?),  Күлтегінде 10,  «Шивээт улаанда» 9,   Күлі-чұрда 6, Тоңықұқ , Білге қаған, Ел етміш йабғұда («Онгийн») 5,  «Хуц ухнатай», «Нарийн хүрэмт», «Хөшөө цайдам-3»  4 бәдіз тіркелген. Сонымен қатар, үш бәдізді ғұрыптық кешен 3, екі  бәдізді 7, бір бәдізді 21 кешен анықталып отыр.    

 Көне түрк бәдіздерді Д. Баяр  жалпы кескіндемесі негізінде  үш топқа бөлді: 

- толық бейнеленген бәдіз (а/ отырған, ә/ түрегеліп тұрған);

- жартылай бейнеленген бәдіз (а/ басы мен бетін анық суреттелген, қол аяғы, киім кешектері жартылай суреттелген, ә/ басы, бетін анық бойы анық емес суреттелген);

-  жалпы кескінді ескерткіш [Баяр,1997, 25-30-бб.].

            Ю.С. Худяков,   СМТМЭ  тарапынан 1979-1982 жылдары Моңғолиядағы  Дуганы хөтөл, Хангал, Их дэндий, Морин даваа, Тулгат гоцоо, Түйн гол, Хонгиогийн Хөх хөшөө, Дадга, Нарийн хоолой  ғұрыптық кешендерінде біршама қазба жүргізгенін және басқа басты зерттеулерін қорытындалай келіп,  көне түрк кұрыптық кешендерін мынадай ірі екі топқа бөліп қарастырады. Олар : 1-топ. Бітіктас, балбалсыз, 2-топ. Бітіктас, балбалды. Ал, 2-топ кешендерін құрылымдық, бағыттық жағынан, бәдіз және бітіктас болуына байланысты  ішінара бірнеше топтарға жіктейді [Худяков,1985, 180-184-бб.]. 

В.Е. Войтов «Өнгөт» ғұрыптық кешенін зерттеуге арнаған мақаласында 27 бәдіздің сипаттамасын жасап, оны VII ғасырдың 40-жылдарында Инань қағанға арналған деп жорамалдайды [Войтов, 1987, 106-б.]. Ол, Моңғолиядағы қаған-бекзаттарға және «қарапайым» адамдарға арналған ғұрыптық кешендерді  4 топқа  бөліп қарастырды :

- тас үйінділі,  ор шұңқырлы кешен- 23 дана,  (VI-VIII)

- төртбұрышты барықты қос кешен – 18 дана, (Екінші түрк қағандығы кезеңі)

- төртбұрышты барықты бір ғана кешен-41 дана, (VII-VIII)

- жалпақ топырақ үйінділі төбешік кешен- 5 дана. (VII-VIII)  [Войтов, 1996,  27-29, 49-51, 61-63, 66-бб.]. Алайда оның еңбегінде  бәдіздерге арналған  талдау назардан тыс қалған.

             Кейін жарық көрген «Моңғолия жеріндегі тарихи-мәдени ескерткіштері» альбомында көне түрк дәуірінің тек қана 70 бәдіздің жалпы сипаттамасы мен суреттері берілген [МТСД, 1999, 95-138-бб.].

            Жапон зерттеушісі Тошио Хаяши   Моңғолиядағы   бәдіздерге байланысты бұрын-соңды жарық көрген көптеген еңбектерді жинақтап, белгілі болған 300 бәдіздің  жалпы  жинақтамасын жасады,  олардың  таралым аймақтарын  көрсетті [Toshio Hayashi,1999]. Ол, бәдіз жасау өнері соғдылықтардан   түрктерге, одан қытайлықтарға ұласты деген дәйексіз пікір айтты [Toshio Hayashi, 2005]. 

Моңғолия  ғалымдары  2005-2009 жылдары Моңғол Алтайы, әсіресе Баян-Өлгий аймағындағы археологиялық ескерткіштерді  кешенді зерттеп, көне түрк дәуірінің 888 ғұрыптық кешенді (оның  ішінде 255 бейіт ),  38  жерлеу орнын   (оның ішінде 128  бейіт)  анықтады. Олардың ішінде,  ғұрыптық кешендерінде алғаш орнатылған қалпында сақталынған бәдіздердің саны 121 болған. Сонымен қоса,  зерттеушілер  аталмыш аймақта 177  бәдізді тіркеп анықтаған және осы бәдіздердің 139 данасының бейнелері  толық сақталынған, 29 данасының басы жоғалған, бәдіздер VII-IX ғасырларға қатысты деп  қарастырады  [Төрбат, Баяр, Цэвээндорж, Баттулга, Баярхүү, Идэрхангай, Жискар, 2009. 113-158] .


Ғылыми әдебиет

Jisl L.   Vyzkum Kulteginova pamatniku v Mongolske Lidove Republice. AR. Praha, 1960, XII, №.1

Mahmud Kasgari « Divanü lugat-it Türk Tercümesi» . Ceviren: Besim Atalay.  Ankara,- 1985. I cilt. 436, 507.

Toshio Hayashi    Mongoria-nu іshinin .  Stone Statues in Mongolia / Bulletin of the National Museum of  Ethnology.   vol.21. no.1. Osaka, Japan. 1996. pp. 177-283.  

Амброз А.К. Восточноевропейские и среднеазиатские степи V – первой половины VIII в. // Археология СССР. Степи Евразии в эпоху средневековья. М., 1981.

Бартольд В.В. К вопросу о погребальных обрядах турков и монголов // Сочинения. Т. VI. М., 1966.

Батманов И.А., Арагачи З.Б., Бабушкин Г.Ф. Современная и древняя енисеика. Фрунзе. 1962.

Баяр Д.  Монголын төв нутаг дахь түрэгийн хүн чулуу. УБ.,1997.-148.

Баяр Д. Монголчуудын чулуун хөрөг XIII-XIV зуун. Улаанбаатар, 2002. -256. 

Баяр Д., Эрдэнбаатар Д.  Монгол Алтайн хүн чулуун хөшөө. Улаанбаатар, 1999. – 166.

Бернштам А.Н. Историко-археологические очерки Центрального Тянь-Шаня и Памиро-Алтая // МИА. 1952. № 26.

Бернштам А.Н. Социально-экономический строй орхоно-енисейских тюрок VI – VIII веков. Восточно-тюркский каганат и кыргызы. М.-Л., 1946.

Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. М.-Л., 1950. Ч. 1.

Вайнштейн С.И. Некоторые вопросы истории древнетюркской культуры // СЭ. 1966. № 3.

Войтов В.Е. Древнетюркский пантеон и модель мироздания в культово-поминальных памятниках VI-VIII вв. М.,1996.- 152 с: ил.

Войтов В.Е. Древнетюркский пантеон и модель мироздания в культово-поминальных памятниках Монголии VI – VIII вв. М., 1996.

Гаврилова А.А. Могильник Кудыргэ как источник по истории алтайских племен. М.-Л., 1965.

Грач А.Д.  Древнетюркские изваяния Тувы по материалом исследований 1953-1960 гг. . М., 1961.-94с. 

Грач А.Д.  Древнетюркские изваяния Тувы. М., 1961. -94с.

Грач А.Д. Вопросы датировки и семантики древнетюркских тамгообразных изображений горного козла // Тюркологических сборник 1972 года. М., 1973.

Грач А.Д. Древнейшие тюркские погребения с сожжением в Центральной Азии // История, археология и этнография Средней Азии. М., 1968.

Грач А.Д. Древнетюркские изваяния Тувы (по материалам исследований 1953-1960 гг.). М., 1961.-95с., ил.96.

Грач А.Д. Древние кочевники в центре Азии. М.,1980.-256с.

Грач А.Д. Хронологические и этнокультурные границы древнетюркского времени // Тюркологический сборник. М., 1966.

Грач В.А. Средневековые впускные погребения из кургана-храма Улуг-Хорум в Южной Туве // Археология Северной Азии. Новосибирск, 1982.

Грязнов М.П. Раскопки на Алтае // Сообщения государственного Эрмитажа. Л., 1940. Вып. 1.

Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1993.

Досымбаева А.  Мерке –сакральная земля тюрков Жетысу. Тараз, 2002.-108с.

Евтюхова Л.А.  Каменные изваяние Южной Сибири и Монголии // Материалы и исследования по археологии СССР. №24. М.,1952.  С.71-120.

Евтюхова Л.А.  Каменные изваяние Южной Сибири и Монголии // Материалы и исследования по археологии СССР. №24. М.,1952.  С.71-120.

Евтюхова Л.А. Археологические памятники енисейских кыргызов (хакасов). Абакан, 1948.110с.

Евтюхова Л.А. Каменные изваяния Южной Сибири и Монголии // МИА. 1952. № 24.

Ермоленко Л.Н. Манихейство и скульптура уйгурского периода Тувы // Проблемы исторической интерпретации археологических и этнографических источников Западной Сибири. Томск, 1990.

Ермоленко Л.Н. Средневековые каменные изваяние Казахстанских степей (типология, семантикав аспекте военной идеологии и традиционного мировозрения). Новосибирск, 2004. -132с.

Измайлов И.Л. Появление и ранняя история стремян в Среднем Поволжье // Военное дело древнего и средневекового населения Северной и Центральной Азии. Новосибирск, 1990.

Илюшин А.М. Курганы средневековых кочевников долины реки Бачат. Кемерово, 1993.

Итс Р.Ф. О каменных изваяниях в Синьцзяне // СЭ. 1958. № 2.

Карманкулов Ж. Погребение воина раннетюркского времени // Археологические исследования древнего и средневекового Казахстана. Алма-Ата. 1980.

Кастанье И.    Историко-сравнительный этюд о каменных бабахь Киргизскихь степей и Россіи вообще вь связи сь каменными изваяніми  Франціи Германіи и прочихь странь – (разные виды воспроизведенія черть лица умершихь вь связи сь полоненіемь предкамь). 303-332. Табл:I-XXI. // Труды Оренбургской ученой архивной комиссіи. Вып. XXII.  Древности Киргизской степи и Оренбургского края. Составиль І.А. Кастанье. Оренбург, 1910.

Киселев С.В.   Древняя история Южной Сибирии // Материалы и исследования по археологии СССР.  М.,1951.-364.

Киселев С.В. Древняя история Южной Сибири // МИА, 1949. № 9.

Кляшторный С.Г. История Центральной Азии и памятник рунического письма . СПб., 2003.-560с.

Кляшторный С.Г., Савинов Д.Г. Степные империи Евразии. СПб., 1994.

Ковычев Е.В. История Забайкалья (I – сер. II тыс. н. э.). Иркутск, 1984.

Коновалов П.Б. Хунну в Забайкалье. Улан-Удэ, 1976.

Костюков В.П. О хронологической позиции поминальных оградок Южного Урала // Культуры степей Евразии второй половины I тысячелетия н. э. (вопросы хронологии). Самара, 1997.

Костюков В.П. Тюркские поминальные комплексы на Южной Урале // Этнокультурные процессы в Южной Сибири и Центральной Азии в I – II тысячелетии н. э. Кемерово, 1994.

Кубарев  В.Д.  Древнетюркские изваяния Алтая. Новосибирск.,1984.-230с.

Кубарев  В.Д.  Каменные  изваяния Алтая (краткий каталог). Новосибирск-Горно-Алтайск, 1997.-184с.

Кубарев В.Д. Древнетюркские изваяния Алтая. Новосибирск, 1984.-230 с.

Кызласов И.Л. Новости тюркской рунологии .Выпуск-1.  М., 2003.-109с.

Кызласов Л.Р. Древняя Тува (от палеолита до IX в.). М., 1979.

Кызласов Л.Р. История Тувы в средние века. М., 1969.

Кызласов Л.Р. О назначении древнетюркских каменных изваяний, изображающих людей // СА, 1964. № 2.

Левашова В.П. Два могильника кыргыз-хакасов // МИА, 1952. № 24.

Липец Р.С. Образы батыра и его коня в тюрко-монгольском эпосе. М., 1984.

Мамадаков Ю.Т. Ритуальные сооружения булан-кобинской культуры // Археология Горного Алтая. Барнаул, 1994.

Маргулан А.Х.  Петроглифы Сарыарки.гравюры с изображением вольчего тотема. Каменные изваяния Улытау. Сочинения . Том 3-4. Алматы, 2003.

Могильников В.А. Древнетюркские курганы Кара-Коба I // Проблемы изучения древней и средневековой истории Горного Алтая. Горно-Алтайск, 1990.

Могильников В.А. Древнетюркские оградки Кара-Коба I // Материалы к изучению прошлого Горного Алтая. Горно-Алтайск, 1992.

Могильников В.А. Об истоках генезиса древнетюркской культуры // Культуры евразийских степей второй половины I тысячелетия н. э. Самара. 1996.

Могильников В.А. Памятники кочевников Сибири и Средней Азии X - XII вв. // Археология СССР. Степи Евразии в эпоху средневековья. М., 1981 б.

Могильников В.А. Тюрки // Археология СССР. Степи Евразии в эпоху средневековья. М., 1981 а.

Нестеров С.П. Конь в культах тюркоязычных племен Центральной Азии в эпоху средневековья. Новосибирск, 1990.

Новгородова Э.А. Памятники изобразительного искусства древнетюркского времени на территории МНР // Тюркологический сборник 1977 года. М., 1981.

Овчинникова Б.Б. Тюркские древности Саяно-Алтая VI – X вв. Свердловск, 1990

Пискарев А.И. О менстонахождения каменных баба в России. СПб.1851. ЗРАО, т. III.  

Плетнева  С.А. Половецкие каменные изваяния // Свод археологических источников. Вып. Е 4-2. М., 1974.

Плетнева С.А. От кочевий к городам. Салтово-маяцкая культура. М., 1967.

Потапов Л.П. Умай – божество древних тюрков в свете этнографических данных // Тюркологический сборник 1972 года. М., 1973.

Путешествие в восточные страны Плано Карпини и Рубрука (Дживанни дель Плано Карпини  «История Монголов» , Гильем Де Рубрук   «Путешествие в восточные страны») Редакция , вступительная сиаиья и примечания Н.П: Шастиной. М., 1957. - 271.  – С. 102-103

Радлов В.В. Из Сибири. Страницы дневника. М., 1989.

Савинов Д.Г. Древнетюркские курганы Узантала // Археология Северной Азии. Новосибирск, 1982.

Савинов Д.Г. Народы Южной Сибири в древнетюркскую эпоху. Л., 1984.

Суразаков А.С. О древнетюркских каменных оградках // Тюркология-88. Фрунзе, 1988.

Табалдиев К.Ш. Курганы средневековых кочевых племен Тянь-Шаня. Бишкек, 1996.

Теплоухов С.А. Опыт классификации древних металлических культур Минусинского края // Материалы по этнографии. Л., 1929. Т. IV. Вып. 2.

Трифонов Ю.И. Об этнической принадлежности погребений с конем древнетюркского времени (в связи с вопросом о структуре погребального обряда тюрков-тугю) // Тюркологический сборник 1972 года. М., 1973.

Уваров А.С. Сведения о каменных бабах. Тр.I. АС.т.I (II).М., 1871.

Худяков Ю.С. Вооружение средневековых кочевников Южной Сибири и Центральной Азии. Новосибирск, 1986.

Худяков Ю.С. Кок-тюрки на Среднем Енисее // Новое в археологии Сибири и дальнего Востока. Новосибирск, 1979.

Худяков Ю.С. Материалы древнетюркской культуры из Восточного Туркестана // Источники по истории Республики Алтай. Горно-Алтайск, 1997.

Худяков Ю.С. Образ воина в наскальном искусстве Южной Сибири и Центральной Азии // Антропоморфные изображения. Новосибирск. 1987.

Худяков Ю.С. Поминальные памятники пазырыкской культуры Горного Алтая // Жречество и шаманизм в скифскую эпоху. СПб., 1996.

Чариков А.А. Каменные скульптуры средневековых кочевников Прииртышия // Арехологические исследования древнего и средневекого Казахстана. Алма-ата, 1980. С.130-140.

Шер Я.А.  Каменные изваяние Семиречья. М.,Л.1966.


Пікір қалдыру