Қыпшақ заманы бәдіздері (XII-XV)
Жалпы мәлімет
«Қыпшақ» үлгідегі бәдіздердің саны мыңдап кездеседі. Қыпшақ бәдіздері қазіргі Қазақстан, Украина, Қырғыстан, тіпті Моңғолияда да кездеседі. Қыпшақ үлгідегі бәдіздердің саны мыңдап кездеседі. Қыпшақ дәуірінің бәдіздерін көптеген жылдар бойы зерттеген орыс ғалымы С.А. Плетнева. Оның еңбектерінде XII-XIII ғасылардағы 1322 дана ер (521 дана) мен әйел бейнелі (482 дана) а) отырған және ә) түрегеліп тұрған екі типті бейнелі қыпшақ бәдізінің жалпы ғылыми сипаттамасы, этнографиялық ерекшеліктері (бас киім, шаш бұрамдары, киім кешек, белдіктер, әшекей бұйымдары, қару-жарақтары, тұрмыстық бұйымдары ), жасалынған тас түрлері (құмдақтас, гранит, әктас, тақтатас, ) мен толық каталогы жасалынған [Плетнева,1974].
Қазақ ғалымы Ә. Марғұлан Орталық Қазақстанның бәдіздерін зерттеп, олар көне түрктер мен қарлұқ, қимақ, қыпшақтарға қатысты деп, бәдіздерді негізінен 2 топқа бөліп қарастырды. Ол, Орталық Қазасқтандағы бәдіздер жайында былай дейді: « ...бірінші дәуірдегі мүсіндер (VI-VIII ғғ.) төрт бұрыш шарбақ тас қасында тас бағаналар (балбалдар) тізбегімен қосылып, белгілі бір топ жасайды. Олар негізінде тарихи дәуірлерде болған ұлы оқиғаны көрсетіп, сол оқиға үстінде қол бастаған ерлерді, ел қорғаған алыптарды еске түсіру ісіне арналған. Екініш дәуірдің мүсіндерінде (IX –XIV ғғ.) бұрыңғы мүсіндерде кездесетін белгілердің көпшілігі жоқ. Соғысқа байланысты қарулар (қылыш, баған тізбегі) мүлде болмайды. Оның есесіне бұл дәуірдің мүсіндерінде күнделікті тұрмыс пен шаруашылықтың көріністері елеулі орын алады» [Маргулан, 2003. 35-б.].
А.А. Чариков Қазақстандағы әсіресе, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңірлеріндегі көне түрк, қыпшақ дәуірінің ғұрыптық кешендеріндегі бәдіздерді зерттеуде біршама жұмыстар атқарды. Зерттеуші оларды I. Көне түрк (VI-IX ғғ.), II. Қыпшақ («половец») (IX-XIII ғғ.), III. «Ұстын іспетті» ( XII-XIII ғғ.) деп иконографикалық тұрғыдан үшке бөліп топтастырады [Чариков, 1976, 1979, 1980, 1986, 1989, 1991]
Л.Н. Ермоленко Қазақстан мен Орта Азиядағы 526 бәдіздерді 2 үлкен топқа бөліп қарастырған. Онда:
Бірініш топ. Көне түрк бейнелі бәдіздер (VI/VII-VIII/IX ғғ.) .
1.1 тип. Отырыс-тұрысы анық бәдіздер - 192 дана (қолында ыдысты, қару-жарақты және қару-жарақсыз );
1.2 тип.Отырыс-тұрысы анық емес бәдіздер - 56 дана (кеуде тұсы суреттелген)
Екінші топ. Кыпшақ бейнелі бәдіздер (IX-XIII ғғ.).
2.1 тип. Отырыс-тұрысы анық бәдіздер- 115 дана (қарын тұсында екі қолымен ыдыс ұстаған );
2.2 тип. Отырыс-тұрысы анық емес бәдіздер - 81 дана (кеуде тұсы суреттелген). Бұлардан басқа 40 бәдіздің типтерін анықтау мүмкін болмаған. Зерттеуші бәдіздерді көне түрк әскери бекзадалары идеологиясының қалыптасуындағы ғұрыптық жосын-жоралғылары тұрғысынан «қорған-бәдіз-балбал» деген құрамдас бөліктерімен тұтас алып қарастыру қажет, бұл түрктердің дүниетанымдық негізгі ерекшелігі болды деп есептейді [Ермоленко, 2004, 16-17, 68-69-бб.].
Қыпшақ бәдіздерінің көпшілігі екі қолымен [Ермоленко, 2002. 188-192] кіндік тұсында ыдыс-аяқ ұстаған күйімен, бас, аяқ киімдері, қаружарақтары толық әрі өте әсем нақышты бейнеленіп қашалынған. Мұның көшпелілердегі этномәдени мәні мынада: қыпшақ дәуірінде де, көне түріктер секілді қымыз, сусын ішкенде ыдыс-аяқты екі қолымен алып, сый құрметтің нышаны ретінде ілтипат көрсетеді. Дәл осы ілтипаттың белгісі ретінде, екі қолымен ыдыс ұстап тұрған қалпында бейнелеу көшпелілерде дәстүрге айналған.
Ғылыми әдебиет
Кастанье И. Историко-сравнительный этюд о каменных бабахь Киргизскихь степей и Россіи вообще вь связи сь каменными изваяніми Франціи Германіи и прочихь странь – (разные виды воспроизведенія черть лица умершихь вь связи сь полоненіемь предкамь). 303-332. Табл:I-XXI. // Труды Оренбургской ученой архивной комиссіи. Вып. XXII. Древности Киргизской степи и Оренбургского края. Составиль І.А. Кастанье. Оренбург, 1910.
Маргулан А.Х. Петроглифы Сарыарки. гравюры с изображением вольчего тотема. Каменные изваяния Улытау. Сочинения . Том 3-4. Алматы, 2003.
Плетнева С.А. Половецкие каменные изваяния // Свод археологических источников. Вып. Е 4-2. М., 1974.
Ермоленко Л.Н. Средневековые каменные изваяние Казахстанских степей (типология, семантикав аспекте военной идеологии и традиционного мировозрения). Новосибирск, 2004. -132с.
Құрманқұлов Ж., Ермоленко Л.Н. Ежелгі Сарыарқа : тасмүсіндер.Древности Сарыарка: каменные изваяния. Saryarka antiquies:Stone Statues. -Қарағанды, 2014.-168 бет.
Пікір қалдыру