Барық-II (Е-6) бітіктасы
Жалпы мәлімет
Барық өзенінің шығыс жағалауында Ийи-тал ауылынан оңтүстікке қарай 11 шақырым қашықтықтағы төбешіктер айналасындағы 6 ұстынтас ескерткіштерінің бірі. Қызыл қоңыр құмдақ тастан жасалынған, биіктігі - 1,54 м, ені - 0,51-0,52 м, қалыңдығы - 0,23 м. Бітіктастың бетінде барлығы 4 жол ғана мәтін және «бақан» іспетті таңба төменгі тұсында қашалған. 1943 ж. Данзынұлы ұйымдастыруымен Қызылдағы Тува музейіне әкелінген.
Ғылыми зерттеулер
Мәтіндік зерттеулерін В.В. Радлов, Х.Орхун, С.Е. Малов, И.В. Кормушин жасады.Ғылыми әдебиет
Radloff W. Die Inschriften vom Ujuk-Tarlak // Die Alttürkischen Inscrihpiften de Mongolei. Dritte Lieferung Die Denkmäler von Koscho-Zaidam, die ubrigen denkmaler des Orchon bechens und denkmaler im flussgebiete des Jenissei. -St.Petersburg, 1895. p. 308-309.
Orhun H.N. Eski Turk Yazitlari , Istanbul, 1939, T-3. ss. 62.
Малов С.Е. Енисейская письменности тюрков. -М.-Л., 1952. С.21-22.
Кормушин И.В. Тюркские Енисейские эпитафии. Тексты и исследования. -М., 1997. С. 205-207.
Мәтін
1. |
Küni Tеrеg : üç yaşımda: qansız boldum |
2. |
Külüg: Tutuq: eçim: kişi qıldı |
3. |
Buŋusuz: erde: ben: erdi |
4. |
Quyıdaqı: qunçuyımğa: adırıldım: apımа
|
Пікір қалдыру