Ақтөбе (Қ-8) қола айнадағы мәтін
Жалпы мәлімет
IX-X ғғ. Батыс Қазақстан облысы Ақтөбе қаласы Елек өзенi бойындағы ежелгі көшпелілердің қорғанынан («III қорған») табылған.Осы қола айнаның жиегiнде дөңгелене үшкiр темiр затпен 1 жол мәтін 11 таңба-әрiптi жазылған. Қола айнаның шеңберi 17,1 см , қалыңдығы 0,2-0,3 см. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі. КП № 22425
Ғылыми зерттеулер
Бұл қола айна жайында алғаш рет 1906 ж. И.А. Кастанье хабарлайды. Мәтіндік зерттеуін А.С. Аманжолов жасады.Ғылыми әдебиет
Кастанье И.А. Отчет о раскопках 6 курганов в Актюбинском уезде летом1906 г. // Труды Оренбургской ученой архивной комиссии, 1908, выпуск-19. С. 102-106.
Аманжолов А.С. Қола айнадағы қол таңба // Білім және еңбек, 1986, №2, 26-27 б. ;
Аманжолов А.С. Батыс Қазақстаннан табылған қола айнадағы көне жазу // Түркі филологиясы және жазу тарихы , Алматы, 1996, 90-92б.
Аманжолов А.С. Руническая надпись на бронзовом зеркале (Западный Казахстан) // История и теория древнетюркского письма. Алматы, 2003. С. 247-248.
Мәтін
aqı ergi alt y jeri ?
А.С. Аманжоловтың транскрипциясы мен аудармасы:
taš tegrek teg(e) jeg esen – Тас қорғандай игi есендiк (Благополучный и невредимый подобно каменному кругом)
Пікір қалдыру