Ескі ұйғыр жазулы ескерткіштер
Жалпы мәлімет
Көне Түрк империясынан кейін тарих сахнаға келген Ұйғыр қағандығы (этносаяси бірлестік) дәуірінен бастап түрк бітік жазудың орнына соғдылықтардың әсерінен жаңа жазу қолданыла бастады. Көне түрктер IX-XIV ғасырларда соғды жазуының негізінде түрк тілінің табиғатына бейімдеп, әріптері жоғарыдан төмеңге қарай тік бағытпен сөздің басы, ортасы, аяғы тұлғасында өзгеріп әрі бірінен соң бірі тізбектеліп қосылып жазылатын "ескі ұйғыр" жазуын жасады. Бұл жазудың әліппесінде а-е, і-ы, о,ұ, ө,ү дауыстылары 4 әріппен, ғ-қ-х, г-к, б-п дауыссыздары бір-бір әріппен, басқа дауыссыздарды қосқанда барлығы 20 әріппен ықшамдалынған.
Бұл жазумен хатталынған көптеген жазба ескерткіштер Орталық Азия аумағында анықталынған. Аталмыш жазулы ескерткіштер қазіргі Қазақстан, Моңғолия, Шығыс Түркістан (ШҰАР, ҚХР), Қырғызстан және басқа мемлекеттердің жерлерінде табылған. Cонымен қатар, алуан түрлі қолжазбалары мен кітап нұсқалары шетелдердің көптеген қалаларындағы қорларда сақтаулы.
Пікір қалдыру